HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

4. Егер дуплекс жолында кептелген қағаз болса, қағазды шығару үшін оны ақырын тіке тартыңыз.
5. Қағазды 2-науаның немесе 3-науаның қағаз алу аумақтарынан ақырын тартып шығарыңыз.
6. Қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп, көрінбей қалуы мүмкін. Ішіндегі қағаз кептелгенін
тексеру үшін термобекіткішті ашыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнім жұмыс істеп тұрған кезде термобекіткіш ыстық болуы мүмкін. Ұстар алдында,
термобекіткіштің салқындағанын күтіңіз.
а. Термобекіткіштің кептеліске қол жеткізетін есігін ашу үшін термобекіткіштің сол жағындағы
жасыл тілшікті көтеріңіз. Егер қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп қалса, оны шығару
үшін тіке ақырын тартыңыз. Егер қағаз жыртылып кетсе, қағаздың барлық қиындыларын
алып тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Термобекіткіштің корпусы салқындағанның өзінде, ішіндегі біліктер әлі ыстық
болуы мүмкін. Термобекіткіштің біліктері салқындағанша, оларға тиіспеңіз.
KKWW Кептелістерді тазалау 107