HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
Кескін-сапа мәселелерін шешу
Кей жағдайларда сіз баспа сапасының мәселелеріне тап болуыңыз мүмкін. Келесі бөлімдердегі
ақпарат бұл мәселені танып, шешімін табуға көмектеседі.
Баспа ақаулықтарын анықтап түзету
Баспа сапасы мәселелерінің шешімін табу үшін осы бөлімдегі бақылау кестесі мен баспа сапасы
мәселелерінің кестесін пайдаланыңыз.
Баспа сапасы мәселелерінің бақылау кестесі
Негізгі баспа сапасы мәселері келесі бақылау кестесін пайдалану жолымен шешілуі мүмкін:
1. Транспорттық ілмектер артқы есіктің ішіндегі тасымал роликтен шығарылғанына көз жеткізіңіз.
2. Пайдаланып отырған қағазыңыз немесе баспа құралыңыз ерекшеліктерге сәйкес екендігіне көз
жеткізіңіз. Негізінен, қағаз тегіс болған сайын, нәтиже жақсара түседі.
3. Сіз жапсырма, диапозитив, жылтыр немесе бланк сияқты арнайы баспа баспа құралын
па
йдаланып отырсаңыз, түріне сәйкес басып отырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
4. Конфигурациялау беті мен жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз. Қараңыз:
Ақпараттық
беттер (68-бет).
●
Қандай да бір жабдықтар азайған немесе белгіленген қызмет мерзімі аяқталуға жақындаған
жағдайда жабдықтар күйі бетін қараңыз. Пайдаланылған баспа картридждері туралы
ақпарат берілмейді
●
Беттер дұрыс басылмаса, мәселе аспаптық құралда болып табылады. HP Тұтынушыларды
Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қызмет және қолдау (133-бет) немесе қорапқа
салынатын флайерді қараңыз.
5. HP ToolboxFX ішінен таныстыру бетін басып шығарыңыз. Бет басылып шығарылса, ақаулық
принтер драйверімен байланысты.
6. Түрлі бағдарламалардан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шығарылса, мәселе сіз
басып шығарып отырған бағдарламамен байланысты.
7. Компьютеріңізді өшіріп, қайта қосыңыз және қайта басып шығарып көріңіз. Мәселе шешілмесе,
өзге опцияларды пайдаланып көріңіз:
●
Мәселе ба
рлық басылатын беттерге әсер етсе, «
Негізгі баспа сапасының
мәселелері (116-бет)» бөлімін қараңыз.
●
Мәселе тек әр түсті басылатын беттерге ғана әсер етсе, «
Түсті құжаттардағы мәселелерді
шешу (120-бет)» бөлімін қараңыз.
KKWW Кескін-сапа мәселелерін шешу 115