HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Баспа сапасының мәселелерін шешу үшін HP ToolboxFX пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Келесі қадамдарды орындамас бұрын, әр принтер картриджінің қалған басып
шығарылатын беттерінің мөлшерлі санын көру үшін жабдықтар мәртебесі бетін басып шығарыңыз.
«
Ақпараттық беттер (68-бет)» бөлімін қараңыз.
HP ToolboxFX жабдықтан қай баспа картриджі мәселені туындап отырғанын не мәселе өнімнің өзінде
болғанын анықтауға көмектесетін бетті басып шығара аласыз. Баспа сапасы ақауларын табу беті бір-
біріне жалғасатын төрт бөлікке бөлінген бес түсті жолақты басып шығарады. Әр бөлімді тексере
отырып, сіз әр жеке картриджге ақаулықты бөліп ала аласыз.
Бөлім Баспа картриджі
1 Сары
2 Көгілдір
3 Қара
4 Қызыл
Бұл бет төрт жалпы мәселелерді анықтауға көмектеседі:
Тек бір түсте жолдар: Бұл ең ықтимал картридж мәселесі. Картриджді шығарыңыз да ондағы
сынықтарды іздеңіз. Егер сынықтар табылмаса және картриджды қайта орнатқаннан кейін ақау
жалғаса берсе, картриджды ауыстырыңыз.
Жолдар барлық түстерде (сол орында): Принтерді тазалаңыз және ақаулар жалғаса берсе
қызметке хабарласыңыз.
Әр түрлі түстерде ақаулар қайталануда:
Әр түрлі түстерде нүкте қайталануда: Егер нүкте шамалы 57 не 58 мм көлемінде қайталанса,
термобекіткішті тазалау үшін тазартқыш бетін қосыңыз және роликті тазалау үшін қағаздың
бірнеше ақ беттерін қосыңыз. Егер ақау 57 не 58 мм көлемінде қайталанбаса, нүкте түсі
картриджын.
Әр түрлі түстерде жол қайталануда: HP Support қызметіне хабарласыңыз.
Бір түсте жалғыз нүкте не жалғыз жол: Үш не төрт қосымша ақаулар табу беттерін басып
шығарыңыз. Егер жол не нүкте беттердің көбінде тек бір түсте болса, осы түстің картриджін
ауыстырыңыз. Егер жол не нүкте басқа түске ауысса, HP Support қызметіне хабарласыңыз.
Толығырақ ақаулар табу турала ақпарат үшін, келесіні байқап көріңіз:
122 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW