HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
Macintosh мәселелерін шешу
Mac OS X мәселелерін шешу
ЕСКЕРТПЕ: Егер өнімді USB байланысы арқылы орнатсаңыз, бағдарламалық құрал орнатылғанша
USB кабелін өнім мен компьютерге жалғамаңыз. USB кабелін жалғанған жағдайда Mac OS X жүйесі
өімді автоматты түрде орнатады, бірақ орнату дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда өнімді жойып, USB
кабелін ажыратып, өнімнің ықшам дискісіндегі бағдарламалық құралды қайта орнатып, USB кабелін
бағдарламалық құрал ұсынғанда қайта жалғауыңыз керек.
Принтер драйвері Баспа Орталығындағы немесе Принтерді орнату утилитасындағы тізімде жоқ
Себеп Шешім
Өнімнің бағдарламалық құралы орнатылмаған болар немесе дұрыс
орнатылмаған.
Өнімнің PPD файлы келесі қатты диск қалтасында екендігіне көз
жеткізіңіз: LIBRARY/PRINTERS/PPDS/CONTENTS/RESOURCES/
<LANG>.LPROJ мұндағы <lang> – пайдаланылатын тілдің екі
әріптік тіл коды. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз. Нұсқауларды алғашқы іске қосу жөніндегі
нұсқаулықтан қараңыз.
PPD файлы зақымдалған. Келесі қатты диск қалтасындағы PPD
файлын жойыңыз: LIBRARY/
PRINTERS/PPDS/CONTENTS/RESOURCES/<LANG>.LPROJ
мұндағы <lang> – пайдаланылатын тілдің екі әріптік тіл коды.
Бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз. Нұсқауларды алғашқы
іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Өнім атауы, IP мекенжайы немесе Bonjour принтер атауы «Басып шығару және факс» орталығындағы немесе принтер орнату
утилитасындағы принтерлер тізімінен көрінбейді
Себеп Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанына, өнімнің қосулы және Әзір
шамының жанып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Егер сіз USB немесе
Ethernet хабы арқылы жалғасаңыз, компьютерге тікелей жалғап
көріңіз немесе басқа портты пайдаланыңыз.
Қате байланыс түрі таңдалған болуы мүмкін. Пайдал
анылатын байланыс түріне қарай USB, IP басып шығару
немесе Bonjour таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Қате өнім аты, IP мекенжайы немесе Bonjour немесе Bonjour хост аты
пайдаланылуда.
Желілік қорытынды есеп бетін басып шығарыңыз (
Ақпараттық
беттер (68-бет) қараңыз). Желілік қорытынды есеп бетіндегі өнім
атауы, IP мекенжайы немесе Bonjour хост аты Баспа
орталығындағы, Принтерді орнату утилитасындағы немесе
Принтерлер мен факстар тізіміндегі Өнім атына, IP мекенжайына
немесе Bonjour хост атына сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.
Интерфейс кабелі ақаулы немесе сапасы төмен болуы мүмкін. Интерфейсті кабельді жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Принтер драйвері Баспа Орталығында немесе Принтерді орнату утилитасында таңдалған өніміңіз автоматты түрде орнатылмайды
Себеп Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанына, өнімнің қосулы екендігіне және
«Дайын» шамының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер USB хабы
арқылы жалғасаңыз, компьютерге тікелей жалғап көріңіз немесе
басқа бір портты пайдаланыңыз.
KKWW Macintosh мәселелерін шешу 127