HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Басқару панелінің мәзірлері
Мәзірлерді пайдалану
1. Мәзірлерді ашу үшін OK түймесін басыңыз.
2. Тізімдердің бойымен жылжу үшін сол жақ көрсеткі
немесе оң жақ көрсеткі түймесін
басыңыз.
3. Тиісті параметрді таңдау үшін OK түймесін басыңыз. Белсенді таңдаудың қасында жұлдызша (*)
пайда болады.
4. Ішкі мәзірлер арқылы кері жүру үшін артқа көрсеткісі түймесін
басыңыз.
5. Өзгерістерді сақтамастан мәзірден шығу үшін тоқтату түймесін
басыңыз.
Келесі бөлімдер негізгі мәзірдің опцияларын түсіндіреді:
Есептер мәзірі (9-бет)
Жүйені орнату мәзірі (11-бет)
Желі конфигурациясы мәзірі (16-бет)
Қызмет мәзірі (14-бет)
Есептер мәзірі
Есептер мәзірін өнім туралы мәліметтер беретін есептерді басып шығару үшін пайдаланыңыз.
Мәзір элементі Сипаттамасы
Көрсету беті Баспа сапасын көрсететін түсті бетті басып шығарады.
Мәзір құрылымы Басқару тақтасының мәзірлерінің орналасу картасын басып шығарады.
Конфигурация есебі Өнімнің барлық параметрлерінің тізімін басып шығарады. Өнім желіге қосылғанда желілік
мәліметтерді қамтиды.
Жабдықтар күйі: Әр баспа картриджінің мәртебесін, соның ішінде келесі ақпаратты басып шығарады:
Қалған беттердің шамамен алғандағы саны
Әрбір түс үш
ін картридждің қалған қызмет мерзімінің шамамен алғандағы пайыздық
көрсеткіші
Бөлшек нөмірі
Басып шығарылған беттердің жуық саны
Желі мәліметтері Өнімнің барлық желілік параметрлерінің тізімін басып шығарады (тек желілік
модельдерде).
Беттің пайдаланылуы PCL беттерінің, PCL 6 беттерінің, HP postscript 3-деңгей эмуляциялық беттерінің, өнімде
кептеліп қалған немесе дұрыс алынбаған беттердің, монохромды (ақ-қара) немесе түсті
беттердің тізімі бар бетті басып шығарады және беттер санағы есебін береді.
PCL қаріптер тізімі Орнатылған барлық PCL қаріптер тізімін басып шығарады.
PS қаріптер тізімі Барлық орнатылған PostScript (PS) қаріптерінің тізімін басып шығарады.
PCL 6 қаріптер тізімі Орнатылған барлық PCL6 қаріптер тізімін басып шығарады.
KKWW Басқару панелінің мәзірлері 9