HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Windows жүйесіне арналған қолдау көрсететін
операциялық жүйе
Өнім мынадай Windows операциялық жүйелеріне қолдау көрсетеді:
Windows Vista (Starter Edition, 32 биттік және 64 биттік нұсқалар)
Windows Vista Server 2008 (32 биттік)
Windows XP (32 биттік, 2-жаңарту пакеті)
Windows XP (64 биттік, 1-жаңарту пакеті)
Windows Server 2003 (1-жаңарту пакеті)
Windows 2000 (4-жаңарту пакеті)
Windows жүйесіне арналған қолдаулы принтер драйверлері
PCL 6 тілі (бағдарламалық құрал ықшам дискісінде)
PCL 5 әмбебап принтер драйвері (HP UPD) (Интернетте бар)
HP PostScript Level 3 эмуляциясы тіліндегі әмбебап принтер драйвері (Интернетте бар)
Принтер драйверлерінің құрамында өзінде кездесетін ағымды басып шығару тапсырмаларын
орындау және батырмаларды, құсбелгі орындарын және жайылмалы тізімдерді сипаттайтын
нұсқаулардан құралған желілік Анықтама бөлімі бар.
ЕСКЕРТПЕ: Осы өнімді қолдайтын PCL 5 және HP PostScript Level 3 эмуляция тіліндегі әмбебап
принтер драйве
рлері Windows жүйесіне арналған HP әмбебап баспа драйверлерінің (UPD) нұсқалары
болып табылады. Олар дәл сол драйверлердің бұрынғы нұсқалары сияқты орнатылып, жұмыс істейді
және ешқандай арнайы конфигурацияны қажет етпейді. Әмбебап принтер драйверлері туралы
қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/upd торабын қараңыз.
HP әмбебап баспа драйвері (UPD)
Windows жүйесіне арналған HP әмбебап баспа драйверлері (UPD) кез келген HP LaserJet өніміне бөлек
драйверлер жүктеп алмастан, кез келген жерден виртуалды түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін
драйверлер болып табылады. Олар тексерілген HP баспа драйвері технологиясына сүйене отырып
құрастырылған және мұқият сыналып, көптеген бағдарламалармен бірге пайдаланылған. Олар ұзақ
уақыт бойы бір қалыпты жұмыс атқаратын күшті шешімдер болып табылады. Бұл Өнім үшін ек
і
әмбе
бап баспа драйвері бар:
PCL 5 әмбебап баспа драйвері
HP PostScript Level 3 эмуляция тіліндегі әмбебап баспа драйвері
HP әмбебап баспа драйвері әр HP өнімімен тікелей байланысып, конфигурация туралы ақпарат
жинайды, содан кейін өнімнің қолданыстағы бірегей мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушы
интерфейсін бейімдейді. Ол екі жақты баспа және степлер сияқты өнімде бар мүмкіндіктерді қолмен
қосу қажет болмау үшін оларды авто
матты түрде қосады.
Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/upd торабына кіріңіз.
18 3-тарау Windows жүйесіне арналған бағдарламалық құралдар KKWW