HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Қолдаулы утилиталар
HP Web Jetadmin
HP Web Jetadmin интранетіңіздегі HP Jetdirect-қосылған принтерлерге арналған браузерге негізделген
басқару құралы болып табылады және желлілік администратор компьютеріне ғана орнатылуы тиіс.
HP Web Jetadmin ағымдағы нұсқасы мен қолдаулы хост жүйелерінің ең соңғы тізімін жүктеу үшін
www.hp.com/go/webjetadmin сайтына кіріңіз.
Хост серверіне орнатылған кезде, Windows клиенті Java тілі қосылған қолдау көрсетілетін веб
браузерінің (Microsoft Internet Explorer немесе Netscape Navigator сияқты) көмегімен HP Web Jetadmin
хостына кіру арқылы HP Web Jetadmin бағдарламасына қол жеткізе алады.
Енгізілген Веб сервер
Өнім желіге қосылған Өнім мен желілік қызмет туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін
енгізілген веб серверімен жабдықталған. Бұл ақпарат Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator,
Apple Safari немесе Firefox сияқты веб браузерлерінде көрсетіледі.
Енгізілген веб сервер өнімде орналасқан. Ол желілік серверге жүктелмейді.
Енгізілген веб сервер желіге қосылған компьютері бар және стандартты веб браузері бар кез келген
адам пайдалана алатын өнімді интерфейспен қамт
амасыз етеді. Ешқандай арнайы бағдарламалық
құрал орнатылмаған немесе конфигурацияланбаған, бірақ компьютеріңізде қолдау көрсетілетін веб
браузер болуы тиіс. Енгізілген веб серверіне кіру үшін браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын теріңіз. (IP мекенжайын табу үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз. Конфигурация
бетін басып шығару туралы қосымша ақпарат алу үшін «
Ақпараттық беттер (68-бет)» бөлімін
қараңыз.)
Енгізілген Веб сервердің мүмкіншіліктері мен қызметтерін толық түсіну үшін «
Енгізілген веб-сервер
(78-бет)» бөлімін қараңыз.
22 3-тарау Windows жүйесіне арналған бағдарламалық құралдар KKWW