HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
USB байланысы
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламалық құралды орнатпайынша, USB кабелін жалғамаңыз. Орнату бағдарламасы
USB кабелін жалғау қажет етілгенде ескертеді.
Бұл өнім USB 2.0 байланысын қолдайды. Басып шығару үшін Сіз А-В типті кабельді пайдалануыңыз
қажет.
Қолдаулы желілік протоколдар
Өнім TCP/IP желілік протоколды қолдайды. Бұл — кеңінен қолданылатын және қабылданған желілік
протокол. Көп желілік қызметтер осы протоколды қолданады. Бұл протокол IPv4 пен IPv6 нұсқасын да
қолдайды. Келесі кестелер өнімде қолданылатын желілік қызметтер/протоколдарды тіркейді.
Кесте 5-1 Басып шығару
Қызмет аты Сипаттама
9100 порты (Тікелей режим) Басып шығару қызметі
Желілік принтер демоны (LPD) Басып шығару қызметі
ws-басып шығару Microsoft plug-and-play басып шығару ажыратылымдығы
Кесте 5-2 Желілік өнімді табу
Қызмет аты Сипаттама
SLP (Қызмет орны протоколы) Желілік құрылғыларды табуға және конфигурациялауға
арналған құрылғыны табу протоколы. Негізінде Microsoft-
негізделген бағдарламалар құралдарымен қолданылады.
Bonjour («Rendezvous» немесе «mDNS» деп те аталады) Желілік құрылғыларды табуға және конфигурациялауға
арналған құрылғыны табу протоколы. Негізінен Apple
Macintosh-негізделген бағдарламалар құралдарымен
қолданылады.
WS анықтау Негізінде Microsoft-негізделген бағдарламалар
құралдарымен қолданылады.
KKWW USB байланысы 35