HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
бөлікке бөлу үшін пайдаланады. Желіні желі бөліктеріне бөлу жұмыс орындалуын жақсартып,
шектеулі желі мекенжайлары аумағын жетік пайдалану мүмкіндігін береді.
Желі бөлігінің маскасы
Желі бөлігінің маскасы бір ІР желісін бірнеше бөлек желі бөлігіне бөлу механизмі болып табылады.
Берілген желі кластарында IP мекенжайының әдетте қолданылып отырған торапты анықтау үшін
пайдаланатын бөлігі оның орнына желі бөлігін анықтау үшін па
йдаланылады. Желі бөлігінің маскасы
әр IP мекенжайында желі бөліктері үшін қолданылатын бөлікті анықтау үшін қолданады және ол
бөлік торапты анықтау үшін пайдаланылады.
Шлюздер
Шлюздер (маршрутизаторлар) желілерді біріктіру үшін қолданылады. Шлюздер түрлі байланыс
протоколдарын, деректер форматтарын, құрылымдарын, тілдерді немесе құрылыстарды
пайдаланатын жүйелер арасында аудармашы ретінде жұмыс істейтін құрылғы болып табылады.
Шлюздер деректер пакеттерін ашып, арнаулы орын жүйесін сәйкестендіру үшін ретін өзгертеді. Желі
желі бөліктеріне бөлінген жағдайда шлюздер бір желі бөлігін екіншісімен байланыстыру үшін қажет
етіледі.
Стандартты шлюз
Стандартты шл
юз болып па
кеттерді желілер арасында жылжытып отыратын шлюздің немесе
маршрутизатордың IP мекенжайы болып табылады.
Бірнеше шлюз немесе маршрутизатордың болуы жағдайында стандартты болып әдетте бірінші
немесе ең жақын шлюздің немесе маршрутизатордың мекенжайы белгіленеді. Ешбір шлюз немесе
маршрутизатордың болмауы жағдайында стандартты болып әдетте желі торабының (жұмыс
станциясының немесе өнімнің) ІР мекенжайы белгіленеді.
IP мекенжайы
IP мекенжайын DHCP, BootP немесе Auto IP арқылы қолмен немесе автоматты түрде
конфигурациялауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: IP мекенжайларын белгілегенде, әрқашан IP мекенжайларының администраторымен
кеңесіп отырыңыз. Қате мекенжайды белгілеу желіде жұмыс істейтін немесе байланыс арқылы
іскерлесетін өзгедей құрылғыларды өшіруі мүмкін.
Қолмен конфигурациялау
1. Басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз.
2. Көрсеткі түймелердің көмегімен Желі конфигурациясы мәзірін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3. Көрсеткі түймелердің көмегімен TCP/IP конфигурациясы мәзірін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4. Көрсеткі түймелердің көмегімен Қолмен опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
KKWW Өнімді желіде конфигурациялау 39