HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
5. ІР мекенжайының бірінші бөлімінің мәнін арттыру үшін оң жақ көрсеткі түймесін басыңыз.
Мәнді азайту үшін сол жақ көрсеткі түймесін
басыңыз. Мән дұрыс болғанда, OK түймесін
басыңыз. IP мекенжайының қалған үш бөлімі үшін осы процесті қайталаңыз.
6. Егер мекенжай дұрыс болса, көрсеткі түймелерінің көмегімен Иә опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз. Бір қосалқы желі маскасын таңдап, әдепкі шлюз параметрлері үшін 5-қадамды
қайталаңыз.
–немесе–
Егер IP мекенжайы дұрыс болмаса, көрсеткі түймелерінің көмегімен Жоқ опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Дұрыс IP мекенжайын орнату үшін 5-қадамды қайталап, бір қосалқы желі
маскасын таңдаңыз да, әдепкі шлюз параметрлері үшін 5-қадамды қайталаңыз.
Автоматты конфигурациялау
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты опциясы әдепкі Желі конфигурациясы TCP/IP конфигурациясы параметрі
болып табылады.
1. Басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз.
2. Көрсеткі түймелердің көмегімен Желі конфигурациясы мәзірін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3. Көрсеткі түймелердің көмегімен TCP/IP конфигурациясы мәзірін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4. Көрсеткі түймелердің көмегімен Автоматты опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Автоматты IP мекенжайы пайдалануға дайын болғанша бірнеше минут уақыт алу мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: ІР автоматты белгілеу режимдерін (BOOTP, DHCP немесе Au
toIP сияқты) өшіру немесе қосу
үшін енгізілген веб-серверді немесе HP ToolboxFX пайдаланыңыз.
40 5-тарау Байланыс мүмкіндігі KKWW