HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Түсті басқару
Принтер драйверіндегі Түс қойындысында параметрлерді өзгерту арқылы түс реттеледі.
Автоматты
Түс опциясын Автоматты күйіне қою әдетте түсті құжаттар үшін барынша жақсы сапаны қамтамасыз
етеді. Автоматты түс реттеуі құжаттағы әр элементтің бейтарап сұр түсінің, жартылай реңктерінің
және жиектік жақсартуларының өңделуін оңтайландырады. Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің
принтеріңіздің драйвері бойынша онлайн Анықтамалықты қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Automatic (Автоматты) стандартты реттеу болып табылады және барлық түсті
құжаттарды басып шы
ғару үшін қо
лданылады.
Сұр шәкілде басып шығару
Құжатты сұр шәкілде басып шығару үшін принтер драйверінің Print in Grayscale (Сұр шәкілде басып
шығару) опциясын таңдаңыз. Бұл опцияны фотокөшірмесі жасалатын немесе факспен жіберілетін
құжатты басып шығару үшін пайдалануға болады.
Сұр шәкілде басып шығару опциясы таңдалғанда өнім түсті картридждің пайдалануын азайтатын
монохромды режимде басып шығарады.
Қолмен түсті реттеу
Мәтіндердің, графиканың және фотосуреттердің бейтарап сұр түсінің, жартылай реңктерінің және
жиектік жақсартуларының өңделуін реттеу үшін түстің Manual (Қолмен) реттелуін пайдаланыңыз.
Қолмен реттелетін түс опцияларына кіру үшін Color (Түс) жиекбелгісінен Manual (Қолмен) тармағын
және одан кейін Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
Қолмен реттелетін түс опциялары
Мәтін, графика және фотосуреттер үшін Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер), Halftone (Жартылай
реңк) және Edge Control (Жиектерді Түзету) опциялары үшін қолмен реттелетін түс опцияларын
пайдаланыңыз.
Кесте 8-1 Қолмен реттелетін түс опциялары
Параметр сипаттамалары Параметр опциялары
Бейтарап Сұр түстер
Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер) параметрі
мәтіндерде, графикаларда және фотосуреттерде
қолданылатын сұр түстерді құрудың тәсілін
анықтайды.
Black Only (Тек Қара түс) бейтарап түстерді тек қара тонерді
пайдалана отырып құрады. Ол түсті реңктерсіз бейтарап түстерді
60 8-тарау Windows жүйесіне арналған түс KKWW