HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Жетілдірілген түстерді пайдалану
Өнім керемет түс нәтижелерін беретін автоматты түс мүмкіндіктерін береді. Мұқият жасалып,
тексерілген түс кестелері барлық басылатын түстердің таза түс бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Оған қоса, өнім тәжірибелі кәсіпқойлар үшін күрделі құралдармен қамтамасыз етеді.
HP ColorSphere тонері
HP баспа жүйелерін (принтерді, баспа картридждерін, тонерді және қағазды) бірлесе жұмыс істей
отырып, баспа сапасын, өнім сенміділігі мен пайдаланушы тапсырмаларының нәтижелілігін
оңтайландыру мақсатымен жасап шығарады. Шынайы HP баспа картридждерінде принтеріңізге
арнайы сәйкестендіріліп, жарқын түстердің кең ауқымын өндіре алатын HP ColorSphere тонері бар. Ол
сізге айқын, таза мәтін мен болмысқа жақын басылып шығарылған фотосуреттері бар кәсіпқой
дәрежедегі құжаттарын жа
сауға көмектеседі.
H
P ColorSphere тонері қағаздың кең ауқымды түрлеріне байланысты болатын баспа сапасының
сәйкестігі мен айқындығын өндіреді. Ол сіз шынайы әсер бере алатын құжаттарды жасай
алатындығыңызды білдіреді. Оған қоса, HP кәсіпқой сапа күнделікті және арнайы қағазы (соның
ішінде HP баспа құралдарының кең талғамы мен салмағы) сіздің жұмысыңызға арнап жасалған.
HP ImageREt 3600
ImageREt 3600 технологиясы көп деңгейлі баспа үдерісі арқылы ажыратымдылығы 3600 нүкте/дюйм
баспаның түсті лазер класындағы баламасын ұсынады. Бұл үдеріс бір нүктеге төрт түске дейін жинай
отырып және берілген аумақта тонер көлемін өзгертіп отыру арқылы түстерді дәл басқарады.
ImageREt 3600 технологиясы осы өнімге арнап жақсартылған. Жақсартулар түстерді қамту
технологиясын, бір нүктеден астам орналасуды кеңірек басқаруын және бір н
үктеде тон
ер сапасын
нақтырақ басқаруын ұсынады. Осы жаңа технологиялар HP көп деңгейлі баспа үдерісімен бірге 3600
нүкте/дюймдік миллиондаған біркелкі түстері бар түсті лазер класты сапасын беретін 600 x 600 нүкте/
дюймдік нәтиже береді.
Медиа таңдау
Ең жақсы түс және бейне сапасы үшін бағдарламалық құралдың принтер мәзірінен немесе принтер
драйверінен жарамды медиа түрін таңдаңыз.
Түс опциялары
Түс опциялары оңтайлы түс шығуын автоматты түрде қамтамасыз етеді. Осы опциялар түрлі нысандар
(мәтін, графика және фотосуреттер) үшін оңтайлы түс және жартылай реңк параметрлерін қамтамасыз
ететін нысан таңбалауын пайдаланады. Принтер драйвері бетте қандай нысанның көрінетінін
анықтап, әр нысан үшін ең жақсы баспа сапасын қамтамасыз ететін түс және жартылай реңк
параметрлерін пайдаланады.
Windows жүйелік ор
тасында Ав
томатты және Қолмен реттелетін түс опциялары принтер драйверінің
Түс қойындысында орналасқан.
Стандартты қызыл-жасыл-көк (sRGB)
Стандартты қызыл-жасыл-көк (sRGB) HP және Microsoft корпорациясы мониторлардың, жүктеу
құрылғыларының (сканерлердің және сандық камералардың) және шығару құрылғыларының
(принтерлер мен плоттерлердің) жалпы түс тілі ретінде дамыған дүние жүзілік түс стандарты болып
табылады. Ол HP өнімдері, Microsoft операциялық жүйлері World Wide Web (Интернет Әлемдік Желісі)
және кеңсе бағдарламалардың көбісі үшін пайдаланылатын стандартты түс кеңістігі болып
64 8-тарау Windows жүйесіне арналған түс KKWW