HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Күйі
Мәртебе папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Құрылғының жай-күйі. Бұл бетте өнімнің кептелу немесе босап қалған науа сияқты күйлері
көрсетіледі. Сіз мәселенің шешімін тапқаныңыздан кейін өнім мәртебесін жаңарту үшін Refresh
status (Мәртебені Жаңарту) батырмасын басыңыз.
Жабдықтар күйі. Басып шығару картриджінде қалған тонердің пайыздық көрсеткіші, ағымдағы
басып шығару картриджінің көмегімен басып шығарылған бетт
ер саны сияқты егжей-тегжейлі
мәліметтерді көріңіз. Сонымен қатар бұл бетте жабдықтарға тапсырыс беруге және қайта
пайдалану жөніндегі ақпаратты табуға арналған сілтемелер бар.
Құрылғы конфигурациясы. Өнімнің ағымды конфигурациясы жөніндегі, соның ішінде
орнатылған жад көлемі мен қандай қосымша науаның орнатылғандығы жөніндегі егжей-
тегжейлі сипаттамасын көріңіз.
Желі мәліметі. Желінің ағымдағы конфигурациясы жөніндегі, соның ішін
де IP
мекенжайы мен
желі күйі жөніндегі егжей-тегжейлі сипаттаманы көріңіз.
Есептер. Конфигурациялау беті мен жабдықтар күйінің беті сияқты өзгедей ақпарат беттерін
басып шығару. «
Ақпараттық беттер (68-бет)» бөлімін қараңыз.
Түсті пайдалану тапсырмалары журналы. Соңғы кезде басып шығарылған құжаттар үшін түсті
пайдалану жөніндегі мәліметтерді көріңіз.
Оқиғаларды тіркеу журналы. Өнім оқиғаларының журналын көріңіз. Ең соңғы оқиға тізімде
бірінші болып беріледі.
Оқиғалар журналы
Оқиғалар журналы өнімнің басқару панелінің дисплейіне шығарылған қателіктер жөніндегі
хабарларға сәйкес келетін кодтар, әр қателіктің қысқаша сипаттамасы және әр қателік орын алу
барысында басылып шығарылған бет саны келтірілген кесте болып табылады. Қателер туралы
көбірек ақпарат алу үшін «
Басқару панеліне және күй туралы ескерту хабарларына түсінік (95-бет)»
бөлімін қараңыз.
70 9-тарау Басқару және күту KKWW