HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Сигналдар
Сигналдар папкасында келесідей негізгі беттерге сілтемелер бар:
Жай-күйі жөніндегі сигналдарды орнату. Өнімді өзіңізге тонердің төмен деңгейі сияқты кейбір
жағдайларда қалқымалы сигналдық хабарларды беретіндей етіп орнатыңыз.
Электрондық пошта сигналдарын орнату. Өнімді өзіңізге тонердің төмен деңгейі сияқты кейбір
жағдайларда электрондық поштаның сигналдық хабарларын беретіндей етіп орнатыңыз.
Күй туралы ескертуді орнату
Қағаз кептелгенде, НР картриджінің тонер деңгейі азайғанда, НР-емес баспа картриджі
қолданылғанда, кіріс науасы босағанда және белгілі бір қателер пайда болғанда өнім компьютеріңізге
сигналдық хабар жіберетіндей етіп орнату үшін пайдаланыңыз.
Қабылдау жайылмалы мәзірін, тапсырмалар панелінің белгішесін, жұмыс үстелінің сигналдық
хабарын және осылардың барлығының комбинациясын таңдаңыз. Жайылмалы хабар тек өнім
сигналдық хабарлар бапталған компьютерден ба
сып шығару бар
ысында ғана шығарылады. Жұмыс
үстелінің сигналдық хабары қысқа мерзімге ғана көрсетіліп, автоматты түрде жоғалады.
Тонердің аз деңгейі жөніндегі хабар жіберетін Картридждің төменгі шегі параметрін Жүйені орнату
бетінде өзгертіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Электрондық пошта сигналдарын орнату
Өнімді өзіңізге кейбір жағдайларда электрондық пошта хабарларын жіберетін екіге дейін
электрондық пошта адресін белгілеу үшін пайдаланыңыз. Сіз әр электрондық пошта адресі үшін жеке
оқиғаны белгілей аласыз. Өзіңізге электрондық пошта арқылы өнім жөніндегі сигналдық хабарын
жіберетін электрондық пошта сервері үшін қажетті ақпаратты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіз серверден жіберіліп, пайдаланушының аутентификациясын қажет етпейтін
электрондық пошта хабарын те
к конфигурациялай ға
на аласыз. Егер электрондық пошта серверіңіз
пайдаланушы атын және кілтсөзді көрсете отырып кіруді қажет ететін болса, сіз электрондық пошта
хабарларын қоса алмайсыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Өнім туралы ақпарат
Өнім туралы ақпарат папкасында келесі беттердің сілтемелері бар:
Көрсету беттері. Өнімнің түсті баспа мүмкіндіктері мен жалпы баспа сипаттамаларын көрсететін
беттерді басып шығару.
Кілтсөз орнату
Жүйе құпия сөзін орнату үшін HP ToolboxFX немесе енгізілген веб-серверді пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб-серверде Жүйе жиекбелгісін басыңыз.
HP ToolboxFX ішінде Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
2. Өнім қауіпсіздігі батырмасын басыңыз.
KKWW HP ToolboxFX 71