HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Параметрлерді сақтау/қалпына келтіру
Өнімнің ағымдағы параметрлерін компьютеріңіздегі файлға сақтау. Бұл файлды сол параметрлерді
өзге құрылғыға қотару үшін немесе кейінірек бұл параметрлерді өнімнің өзінде қалпына келтіру үшін
пайдаланыңыз.
Өнім қауіпсіздігі
Өнім параметрлерін қорғау үшін кілтсөз орнатыңыз. Кілтсөз орнатылғаннан кейін, өнімден деректерді
жазатын немесе оқитын кез келген HP ToolboxFX беттеріне кіру үшін пайдаланушыларға алдымен
кілтсөзді енгізуге кеңес беріледі. Бұл бетте кілтсөз орнату ендірілген веб-сервердің кілтсөзінде
орнатады.
Баспа параметрлері
Баспа параметрлері қалтасында келесі негізгі беттерге сілтемелер бар:
Басып шығару. Өнімнің нұсқалар саны мен қағаздың бағытталуы сияқты стандартты
параметрлерін өзгерту.
PCL5. PCL параметрлерін өзгерту.
PostScript. PS параметрлерін өзгерту.
Басып шығару
Осы опцияларды барлық баспа қызметтерінің параметрлерін конфигурациялау үшін пайдаланыңыз.
Бұл опциялар басқару панелінен қол жеткізуге болатын опциялармен бірдей. Толық ақпарат алу үшін
«
Басқару панелінің мәзірлері (9-бет)» бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
PCL5
PCL басып шығару ерекшеліктерін пайдаланған кезде, параметрлерді конфигурациялау үшін осы
мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
PostScript
Осы опцияларды PostScript баспа ерекшеліктерін пайдаланғаныңызда параметрлерді
конфигурациялау үшін пайдаланыңыз. PostScript қателерін басып шығару (Баспа PostScript қателігі)
опциясы қосылған жағдайда PostScript қателігі орын алғанда PostScript қателігінің беті автоматты
түрде басылып шығарылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Қолдану батырмасын басуыңыз керек.
Желі параметрлері
Желілік администратор осы жиекбелгіні өнім IP-негіздегі желіге қосылған жағдайда оның желіге
қатысты параметрлерін басқару үшін пайдалана алады.
76 9-тарау Басқару және күту KKWW