HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Енгізілген веб-сервер
Өнім желіге қосылғанда, енгізілген веб-серверге қол жеткізу автоматты түрде қосылады. Енгізілген
веб-серверге стандартты веб-шолғыш арқылы қол жеткізуге болады
ЕСКЕРТПЕ: Өнім тікелей компьютерге жалғанған жағдайда өнім күйін көру үшін HP ToolboxFX
пайдаланыңыз.
Енгізілген веб-серверді өнім мен желінің күйін көруге және басып шығару функцияларын өнімнің
басқару тақтасынан емес, оның орнына өзіңіздің компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
Өнімнің басқару мәртебесі жөніндегі ақпаратты көру.
Әр науаға салынған қағаз түрін белгілеңіз.
Барлық қамсыздандыру материалдарының қызмет мерзімін анықтап, жаңаларына тапсырыс
беріңіз.
Науалар конфигурацияларын көріңіз және өзгертіңіз.
Өнім па
раметрлерін көр
іңіз және өзгертіңіз.
Желі конфигурациясын көріңіз және өзгертіңіз.
Өнімнің ағымдағы күйіне тән қолдау мазмұнын көріңіз.
Енгізілген веб-серверін пайдалану үшін сізде Microsoft Internet Explorer 6 немесе одан жаңасы,
Netscape Navigator 7 немесе одан жаңасы, Safari 1.2 немесе одан жаңасы, Konqueror 3.2 немесе одан
жаңасы, Firefox 1.0 немесе одан жаңасы, Mozilla 1.6 немесе одан жаңасы немесе Opera 7 немесе одан
жаңасы болуы тиіс. Енгізілген веб-сервері өнім IP протоколына негі
зделген желіге қосылған кезде
істейді. Енгізілген веб-сервер IPX протоколына негізделген немесе AppleTalk принтер байланыстарына
қолдау көрсетпейді. Енгізілген веб-серверін ашып, пайдалану үшін Интернет байланысы қажет емес.
HP енгізілген веб-серверін қарау
1. Компьютеріңіздегі қолдаулы веб-сервердің адрес/URL жолағында енгізілген веб-сервердің IP
мекенжайын теріңіз. (IP мекенжайын тауып алу үшін конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
«
Ақпараттық беттер (68-бет)» бөлімін қараңыз.)
ЕСКЕРТПЕ: Сіз URL ашқаннан кейін, болашақта оған тез оралу үшін оған бетбелгі сала аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Macintosh амалдық жүйесінде Утилита түймесін басыңыз.
2. Енгізілген веб-сервері параметрлер мен өнім туралы ақпарат бар төрт жиекбелгісінен тұрады:
Status (Күй) жиекбелгісі, System (Жүйе) жиекбелгісі және Print (Басып шығару) жиекбелгісі. Өзіңіз
қарағыңыз келетін жиекбелгіні таңдаңыз.
Келесі бөлімдерден әр жиекбелгі жөніндегі көбірек ақпаратты көре аласыз.
78 9-тарау Басқару және күту KKWW