HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide
Баспа картридждерін ауыстыру
Баспа картриджі өлшеулі қызмет мерзімінің соңына жеткенде, басқару тақтасы алмастыратын
картриджге тапсырыс беру керектігін ұсынатын хабарды көрсетеді. Жабдықтарды ауыстырыңыз
мәзірімен хабарды елемеу опциясын таңдамаған болсаңыз, өнім ағымдағы баспа картриджі арқылы
басып шығаруды, басқару тақтасы картриджді ауыстыру туралы нұсқау беретін хабарды көрсеткенге
дейін жалғастыра алады. Жабдықтарды ауыстырыңыз мәзірі туралы қосымша ақпарат алу үшін
Жүйені орнату мәзірі (11-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалған картридж жабдықтың қалған қызмет мерзімі жабдықтағы тонер деңгейінің төмен
немесе таусылатынын анықтау үшін қолданылады. Жабдықтың қалған қызмет мерзімі тек шамамен
берілген және басып шығарылатын құжаттардың түріне және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп
отырады.
Өнім төрт түсті пайдаланады және әр түске әр түрлі баспа картриджі болады: қара (K), ашық қызыл
(M), көгілдір (C) және сары (Y).
Баспаның сапасы ойдағыдай болмағанда, баспа картриджін ауыстыруыңызға болады. Сондай-ақ,
басқару тақтасы хабары өлшеулі қызмет мерзімінің соңына жеткен картридждің түсін көрсетеді
(пайдаланылмаған картридждер үшін). Алмастыру нұсқаулары баспа картриджінің жапсырмасында
беріледі.
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киімге ти
іп кетс
е, оны құрғақ шүберекпен сүртіп, киімді суық сумен жуыңыз.
Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылған баспа картридждерін қайта пайдалану туралы ақпарат баспа
картриджінің қорабында беріледі.
Баспа картридждерін ауыстыру
1. Алдыңғы есікті ашыңыз. Есіктің толық ашылғанына көз жеткізіңіз.
2. Пайдаланылған баспа картриджінің тұтқасынан ұстап, алу үшін тартыңыз.
KKWW Баспа картридждерін ауыстыру 83