HP Color LaserJet CP5220 Series - User's Guide

Жад және қаріп DIMM модульдері
Өнім жады
Өнімнің қос желілі жад модулінің (DIMM) бір слоты бар. DIMM слотын өнімді келесі тармақтармен
жетілдіру үшін пайдаланыңыз:
Өімнің қосымша жады (64, 128 және 256 MБ DIMM модульдері бар)
Өзге DIMM негізіндегі принтер тілдері мен өнім опциялары
Тіл таңбаларының жиынтығын қолдау (мысалы, қытай тілінің таңбалары немесе кирилл
әліпбиінің таңбалары).
ЕСКЕРТПЕ: DIMMs тапсырыс беру үшін «
Жабдықтар мен қосымша керек-жарақтар (131-бет)» бөлімін
қараңыз.
Сіз жиі кешенді графиканы немесе НР postscript 3 деңгейлі эмуляцияны басып шығаратын болсаңыз
немесе көптеген жүктелген қаріптерді пайдалансаңыз, өнімнің жадын кеңейтуді қалауыңыз мүмкін.
Оған қоса, қосымша жад көптеген жиналған көшірмені барынша жылдам басып шығару мүмкіндігін
қосады.
Қосымша жадқа тапсырыс бермес бұрын, конфигурациялау бетін басып шығарып, ағымдағы уақытта
қанша жад орнатылғандығын қараңыз. «
Ақпараттық беттер (68-бет)» бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр тогы электрондық бөліктердің бұзылуына әкелуі мүмкін. DIMM
модульдерін орнатқан кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз немесе DIMM модульдерінің
статикаға қарсы орауышының бетін жиі ұстап, өнімдегі жалаң металды ұстаңыз.
Жад және қаріп DIMM модульдерін орнату
1. Өнімді өшіріп, барлық қорек және интерфейс кабельдерін ажыратыңыз.
2. Өнімнің артқы жағындағы DIMM модулінің есігін ашыңыз.
86 9-тарау Басқару және күту KKWW