HP LaserJet M1130 / M1210 MFP Quick Reference Guide
Сканерлеу сапасы
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жинақталып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазалау үшін келесі іс ретін орындаңыз.
1. Өнімді өшіру үшін ажыратқышты
пайдаланып, одан кейін қорек сымын
электр розеткасынан ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса
тірегін тазартқыш сұйықтыққа
батырылған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін
тазалау барысында тырнаушы затарды,
ацетонды, бензинді, аммиакты көміртек
тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар
өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе
үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп,
өнімді зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін əйнекті немесе ақ
пластмасса тіректі былғары немесе
целлюлоза шүберекпен құрғатыңыз.
5. Өнімді розеткаға жалғап, өнімді қосу
үшін ажыратқышты пайдаланыңыз.
12 Қысқаша анықтама нұсқаулығы KKWW










