HP LaserJet M1130 / M1210 MFP User Guide Supplement (wireless models only)
Өнім көріністері
Басқару панелінің орналасуы
HP LaserJet Professional M1210 көп функциялы құрылғы сериясы (тек сымсыз үлгілерде)
4 5 6
1
2
8
3
13 12 11
9
15
7
14
10
16
1 Тонер деңгейінің күйін көрсететін шам: баспа картриджіндегі тонер деңгейінің төмендігін көрсетеді.
2
«Назар аударыңыз» шамы: өнім ақаулығын көрсетеді. LCD дисплейде хабардың бар-жоғын қараңыз.
3
«Дайын» шамы: өнімнің дайын екенін немесе жұмыс жасап жатқанын көрсетеді.
4 LCD экраны: күйі туралы ақпарат, мәзірлер мен хабарларды көрсетеді.
5
Көшіру параметрлері түймесі: Көшіру параметрлері мәзірін ашады. Куәландыру картасының көшірмесін жасау
мақсатында Куәландыру картасының көшірмесін жасау мәзірін ашу үшін, осы түймешікті үш рет және OK
түймешігін бір рет басыңыз.
6
Орнату түймесі: мәзірлерді ашады.
7
Солға және оңға көрсеткілері: мәзірлерге енуге және олардың ішімен жылжуға арналған. Экрандағы ағымдағы
мәнді көбейтеді не азайтады. Экрандағы курсорды бір орынға ілгері не кейін жылжытады.
8
OK түймесі: параметрді құптайды немесе әрекетті жалғастыруды растайды.
9
Бас тарту түймесі: ағымдағы жұмысты тоқтатады немесе соңғы қойылған параметр мәнін жояды. Өнім «Дайын»
күйінде тұрғанда, көшіру параметрлерін әдепкі мәндерге қайта қою үшін, осы түймешікті басыңыз.
10
Көшіруді бастау түймесі: көшіру жұмысын бастайды.
11
Артқа көрсеткісі: мәзірдегі алдыңғы деңгейге қайтарады.
12
Факс жіберу түймесі: факс тапсырмасын бастайды.
13
Қайта теру түймесі: алдыңғы факс тапсырмасы үшін пайдаланылған нөмірге қайта қоңырау соғады.
21-тарау Өнім туралы негізгі мәліметтер KKWW










