HP LaserJet M1130 / M1210 MFP User Guide Supplement (wireless models only)
Желі байланысы
Құрылғыны сымсыз желілерге қосуға болады.
Өнімді дискідегі бағдарлама арқылы сымсыз желіге орнату
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
Орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, ықшам дискінің мазмұнын шолып,
SETUP.EXE файлын іске қосыңыз.
2. Өнімді орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде, өнімнің желілік IP мекенжайы бар екенін тексеру үшін конфигурация
бетін басып шығарыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймешігін басыңыз
ә. Көрсеткі түймешіктерді пайдаланып Есептер мәзірін таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.
б. Config report опциясын таңдау үшін көрсеткі түймешіктерді пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
Тең рангілі (арнайы) сымсыз орнату
Компьютерге сымсыз орнатуды тең рангілі (арнайы) орнату арқылы орындаңыз.
1. Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтіру үшін келесі процедураны
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қате пайда болса, өнімді жойып, орнатқыш бағдарламаны қайтадан іске
қосыңыз. Желі параметрлері сұралғанда, параметрлерді енгізіңіз. Өнімді орнату және жою туралы
қосымша ақпаратты толық HP LaserJet Professional M1130/M1210 сериялы құрылғыПайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтіріңіз
а. Мәзірлерді ашу үшін, Орнату
түймешігін басыңыз.
ә. Желі конфигурациясы мәзіріне өту үшін, оңға көрсеткісі
немесе солға көрсеткісі
түймешігін қолданыңыз. Мәзірді таңдау үшін, OK түймешігін басыңыз.
б. Әдепкі мәндерді қайтару параметріне өту үшін, оңға көрсеткісі
немесе солға
көрсеткісі
түймешігін қолданыңыз. Осы элементті таңдап, әдепкі сымсыз байланыс
параметрлерін қалпына келтіру үшін, OK түймешігін басыңыз.
2. Бір конфигурация бетін басып шығарып, желілік атауды (SSID) «Network Information» (Желі
туралы ақпарат) бөлімінен табыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймешігін басыңыз
ә. Көрсеткі түймешіктерді пайдаланып Есептер мәзірін таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.
б. Config report опциясын таңдау үшін көрсеткі түймешіктерді пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
3. Компьютердің сымсыз желілік байланыстар тізімін жаңартып, өнім желісінің атауын (SSID) басып,
оған қосылыңыз.
83-тарау Өнімді жалғау KKWW










