HP LaserJet M1130 / M1210 MFP User Guide Supplement (wireless models only)
4. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
Орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, ықшам дискінің мазмұнын шолып,
SETUP.EXE файлын іске қосыңыз.
5. Өнімді орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Төмендегі суреттер арнайы желілік байланыс пен инфраструктуралық желілік байланыс арасындағы
айырмашылықты көрсетеді.
Арнайы желі Инфраструктуралық желі
Өнімнің сымсыз байланысын өшіру
Егер өнімді сымсыз желіден ажыратқыңыз келсе, өнімдегі сымсыз байланысты өшіре аласыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Сымсыз байланыс
түймешігін 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
2. Сымсыз құрылғының өшірілгенін растау үшін, конфигурация бетін басып шығарып,
конфигурация бетіндегі 802.11b/g сымсыз байланыс күйінің өшірілгенін тексеріңіз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймешігін басыңыз
ә. Көрсеткі түймешіктерді пайдаланып Есептер мәзірін таңдаңыз да, OK түймешігін басыңыз.
б. Config report опциясын таңдау үшін көрсеткі түймешіктерді пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
Желілік өнімді конфигурациялау
Wireless Configuration (сымсыз байланысты конфигурациялау) утилитасын пайдаланыңыз
Өнімді сымсыз желіде басып шығаруға конфигурациялау үшін Wireless Configuration (сымсыз
байланысты конфигурациялау) утилитасын пайдаланыңыз.
1. Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
2. Компьютерде Start (Бастау) түймесін басыңыз, одан кейін Programs (Бағдарламалар) немесе All
Programs (Барлық бағдарламалар) мәзір элементін таңдаңыз.
3. HP мәзір элементін басып, одан кейін HP LaserJet Professional M1130/M1210 сериялы құрылғы
мәзір элементін басыңыз.
KKWW Желі байланысы 9










