HP LaserJet M1130 / M1210 MFP User Guide Supplement (wireless models only)
4. Wireless Configuration (Сымсыз байланысты конфигурациялау) мәзір элементін басыңыз.
5. Өнімді сымсыз желіде басып шығаруға конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтіру
Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтіру үшін, төмендегі процедуралардың біреуін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қате пайда болса, өнімді жойып, орнатқыш бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз.
Желі параметрлері сұралғанда, параметрлерді енгізіңіз. Өнімді орнату және жою туралы қосымша
ақпаратты толық HP LaserJet Professional M1130/M1210 сериялы құрылғыПайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтірудің таңдаулы әдісі
а. Мәзірлерді ашу үшін, Орнату
түймешігін басыңыз.
ә. Желі конфигурациясы мәзіріне өту үшін, оңға көрсеткісі
немесе солға көрсеткісі түймешігін
қолданыңыз. Мәзірді таңдау үшін, OK түймешігін басыңыз.
б. Әдепкі мәндерді қайтару параметріне өту үшін, оңға көрсеткісі
немесе солға көрсеткісі
түймешігін қолданыңыз. Осы элементті таңдап, әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына
келтіру үшін, OK түймешігін басыңыз.
Әдепкі сымсыз байланыс параметрлерін қалпына келтірудің басқа әдісі
а. Өнімді өшіріңіз.
ә. Сымсыз байланыс түймешігі мен бас тарту түймешігін басып тұрыңыз да, өнімді қосыңыз.
б. Түймешіктерді барлық шамдар бірдей болып жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз да,
түймешіктерді босатыңыз.
10 3-тарау Өнімді жалғау KKWW










