HP LaserJet M1130 / M1210 MFP User Guide Supplement (wireless models only)

HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint — қолдауы бар HP өнімдерінен құжаттардың төмендегі түрлерін басып шығаруға мүмкіндік
беретін веб негізіндегі басып шығару қызметтерінің жинағы болып табылады. Бұл құжаттар:
HP өнімінің электрондық пошта мекенжайына тікелей жіберілетін электрондық пошта хабарлары
мен қосымшалар;
таңдаулы ұялы құрылғылардың басып шығару қолданбаларынан жіберілетін құжаттар.
HP Direct Print мүмкіндігін пайдалану
HP Direct Print мүмкіндігімен кез келген шағын құрылғыдан (мысалы, смартфон, нетбук немесе
ноутбуктен) өнімге тікелей басып шығаруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Ешқандай параметрлерді реттеудің қажет жоқ, тек HP Direct Print мүмкіндігі қосылып
тұруы керек. Ұялы құрылғыңызда HP басып шығару қолданбасы орнатылған болуы керек.
1. HP Direct Print мүмкіндігін өнімнің басқару панелінен қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
а. Көрсеткі түймешіктерді пайдаланып Желі конфигурациясы мәзірін таңдаңыз да, OK
түймешігін басыңыз.
ә. Көрсеткі түймешіктерін пайдаланып Сымсыз байланыс мәзірі параметрін таңдаңыз да, OK
түймешігін басыңыз.
б. Көрсеткі түймешіктерін пайдаланып Wireless Direct параметрін таңдаңыз да, OK түймешігін
басыңыз.
2. Қосымша конфигурация опциялары үшін, төмендегі қадамдарды
орындап HP ішкі веб-серверден
(EWS) HP веб-қызметтерін қосыңыз:
а. Өнімді желіге қосқаннан кейін, конфигурация бетін басып шығарып, өнімнің IP мекенжайын
анықтаңыз.
ә. Компьютерден веб-браузерді ашып, мекенжай жолағына IP мекенжайын теріңіз. «HP EWS»
экраны көрсетіледі.
б. Желіде қойындысын нұқыңыз.
в. Желіде бетінде ұясына құсбелгі қойып, желінің атауын (SSID) енгізіңіз де, Apply (Қолдану)
түймешігін басыңыз. Ұялы құрылғының IP мекенжайы
Желіде бетінде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Желінің атауын (SSID) табу үшін, Сымсыз байланыс конфигурациясы бетіндегі
Желіде мәзірін ашыңыз.
3. Құжатты қолданбаның ішінен басып шығару үшін, Файл, одан кейін Басып шығару тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз желіге HP Direct Print мүмкіндігін қолдайтын тек бір өнім қосылған болса,
құжат басылып шығады. HP Direct Print мүмкіндігін қолдайтын бірнеше өнім қосылған болса,
өнімдердің тізімі көрсетіледі. Келесі қадамға өтпес бұрын, өз өніміңізді таңдауыңыз керек. Ешбір
өнім табылмаса, ePrint принтерін немесе орнатылған принтерлерді іздеу
сұралады.
12 4-тарау Баспа тапсырмалары KKWW