HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Кептелістерді тазалау
Кептелген қағазды жыртып алмай, ақырын алыңыз. Егер қағаздың кішкене бөлігі өнімнің ішінде
қалып қойса, ол тағы қағаздың кептелуіне себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Кептелуді тазалау алдында өнімді өшіріп, қуат көзі кабелін ажыратыңыз.
Кептелудің əдеттегі себептері
Беруші науалар дұрыс толтырылмаған немесе асыра толтырылған.
ЕСКЕРІМ: Жаңа баспа құралын қосқан кезде, оны əрқашан науадан алып жинақты
туралаңыз. Бұл көптен берілуді жəне баспа құралының кептелуін болдырмауға
көмектеседі.
Баспа құралы HP ерекшеліктеріне сəйкес емес.
Қағаздың қалдықтарын жəне басқа бөліктерді қағаз жолынан алып тастау үшін өнімді
тазалау керек.
Бос тонер баспа құралы кептелгеннен кейін өнімде қалып кетеді. Бұл тонер біраз қағаз
басылып шыққаннан кейін тазаланады.
ЕСКЕРТУ: Егер тонерді киіміңізге немесе қолыңызға тигізіп алсаңыз, оларды суық сумен
жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
Кептелу орындары
Өнімнің мына жерлерінде кептелу болуы мүмкін.
1
3 4
2
1
Ішкі аумақтар
2
Кіріс науалары
3
Шығару қалталары
4 Артқы есік пен дуплексер (HP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы)
KKWW
Кептелістерді тазалау
89