HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Таңбалар дұрыс қалыптаспаған
Егер таңбалар дұрыс қалыптаспай, соның
салдарынан бейне бұзылып шықса, баспа
құралдарының дестесі тым тайғанақ болуы мүмкін.
Баспа құралының басқа бір түрін пайдаланып көріңіз.
Егер таңбалар дұрыс салынбай, толқынды əсер
пайда болса, өнімді жөндету керек. Реттеу бетін
басып шығарыңыз. Егер таңбалар дұрыс түспесе,
НР өкілетті дилеріне немесе қызмет көрсету
орталығының өкіліне х
абарласыңыз.
Бет қисық шығады
Баспа құралдарының науаға дұрыс салынғанына
жəне баспа құралы бағыттаушылары баспа
құралдары дестесін тым қатты немесе тым бос
ұстамайтынына көз жеткізіңіз.
Беруші науа асыра толтырылған болуы мумкін.
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
Парақ бұралып немесе толқынданып шығады
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
Жоғары температура мен жоғары ылғалдылық баспа
құралдарының бұралуына əкеліп соғуы мүмкін.
Баспа құралдары беруші науада тым ұзақ тұрған
болуы мүмкін. Науадағы баспа құралдары дестесін
аударыңыз. Сондай-ақ, баспа құралдарын 180°
градусқа айналдырып көріңіз.
Өнімді дыбыссыз режимге қойып, баспа
тапсырмасын қайта жіберіңіз.
Дыбыссыз режим
параметрлері 63-бетте бөлімін қараңыз.
Тонердің термиялық құрылғысының температурасы
тым жоғары болуы мүмкін. Принтер драйверінде
баспа құралының түрі дұрыс таңдалғанына көз
жеткізіңіз. Егер проблема жойылмаса, мөлдір ұлдір
не жеңіл баспа құралдары сияқты төменірек
термиялық кұрылғы температурасын талап ететін
баспа құралы түрін тандаңыз.
104 Бап 8 Мəселелерді шешу KKWW