HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Қосылу ақаулықтарын түзету
ЕСКЕРІМ: Өнімнің зауыттық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Зауыттық параметрлерді
қайтару 83-бетте бөлімін қараңыз. Егер ақау кетпесе осы бөлімдегі шешімдерді көріңіз.
Тікелей жалғау ақаулықтарын түзету
Егер сіз өнімді компьютерге тікелей қоссаңыз, кабельді тексеріңіз.
Кабель компьютерге жəне өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
Кабельдің 2 метрден ұзын емес екендігін тексеріңіз. Қажет болса, кабельді ауыстырыңыз.
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
ЕСКЕРІМ: Бөлімдегі іс рəсімдерін орындамастан бұрын, өнімнің зауыттық əдепкі
параметрлерін қалпына келтіріңіз.
Зауыттық параметрлерді қайтару 83-бетте бөлімін қараңыз.
Өнім желімен байланысып тұрғанын анықтау үшін келесіні тексеріңіз. Бастар алдында
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
Ақпараттық беттерді басып шығару 56-бетте қараңыз.
1.
Жұмыс компьютердің немесе файл серверінің жəне өнімнің арасында физикалық
байланыс ақаулығы бар ма?
Желілік кабелдің, байланыстардың жəне маршрутизатордың конфигурациялары дұрыс
екенін тексеріңіз. Желілік кабельдің ұзындықтары желінің ерекшеліктеріне сай екенін
тексеріңіз.
2.
Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?
Өнім желіге тиісті порт жəне кабель арқылы жалғанғанын тексеріңіз. Əр кабельдің
жалғанған жері мықты жə
не дұрыс екенін тексеріңіз. Егер ақаулық шешілмесе,
концентраторға немесе трансиверге басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз.
Өнімнің артқы жағындағы портқа қосатын жердегі сарғыш түсті жұмыс шамы жəне жасыл
түсті мəртебе шамы жанып тұру керек.
3.
Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері дұрыс қойылған ба?
Hewlett-Packard компаниясы сол параметрді автоматты режимде (стандартты ре
жим)
қалдыруды ұсынады.
4.
Өнімнің байланысын «ping» пəрменімен тексере аласыз ба?
Пəрмен жолын ашып, компьютеріңізден өнімнің байланысын тексеріңіз. Мысалы:
ping 192.168.45.39
Ping пəрмені айналып қайту уақытын көрсететініне көз жеткізіңіз.
KKWW
Қосылу ақаулықтарын түзету
109