HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Өнімді қайта орамау
Егер HP тұтынушыларды қолдау орталығы өніміңіздің жөндеуге HP компаниясына қайтарылуға
тиісті екенін анықтаса, өнімді жөнелтудің алдында оны қайта орау үшін осы қадамдарды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін
жауапкершілікті тұтынушы көтереді.
1.
Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімді жөнелтудің алдында баспа картриджін алу өте маңызды болып
табылады. Жөнелту кезінде өнімде қалатын баспа картриджі ағып, өнімнің механизмі мен
басқа бөлшектеріне тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.
2.
Электр сымын, интерфейс кабелін жəне EIO картасы сияқты қосымша керек-жарақтарды
шығарып, ұстап тұрыңыз.
3.
Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.
4.
АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орау
ыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды ұсынады.
128
Қосымша ə Қызмет жəне қолдау
KKWW