HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet баспа картридждерін пайдаланудан кейінтегінHP ғаламдық серіктестері арқылы
қайтарып, қайта пайдалану оңай. Көп тілді бағдарлама туралы ақпарат пен нұсқаулар əр жаңа
HP LaserJet баспа картридждері мен жабдықтар орауышына қамтылады. Сіз бірнеше картриджді
бөлектемей бірге қайтарған кезде қоршаған орта шығындарын азайтуға көмектесіз.
HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайд
алануы жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары
сапалы өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына келтіру үшін өң
дейміз жə
не миллиондаған
тонна қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
ЕСКЕРІМ: Қайтару затбелгісін тек нағыз HP LaserJet баспа картриждерін қайтару үшін
пайдаланыңыз. Осы затбелгіні НР компаниясының сия картридждері, басқа компаниялардың
картриждері, қайта толтырылған не қалпына келтірілген картриждер немесе кепілдікке сəйкес
қайтару үшін пайдаланбауыңыз сұралады. HP компаниясының сия картридждерін қайта
пайдалану туралы ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонерлі картридждің қорабына салынған затбелгі бір немесе бірнеше
пайдаланылған HP LaserJet баспа картриждерін қайтаруға жəне қайта пайдалануға арналған.
Төменгі нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1.
Əрбір HP LaserJet баспа картриджін өзінің қорабына жəне қапшығына салыңыз.
2.
Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) де
йін болуы мүмкін.
3.
Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1.
Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз немесе
www.hp.com/recycle торабынан не
1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұратыңыз (HP LaserJet баспа
картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2.
Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
136
Қосымша в Нормативтік ақпарат
KKWW