HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Бір ғана картриджді қайтару
1.
HP LaserJet баспа картриджін өзінің қабына жəне қорабына салыңыз.
2.
Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
Əр HP LaserJet баспа картриджін қайтару кезінде қорапты жеткізу немесе алып кету кезінде UPS
(Бірыңғай тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына
апарыңыз. Жергілікті UPS қабылдау орталығының адресін 1-800-PICKUPS тел
ефоны арқылы
немесе
www.ups.com торабынан білуіңізге болады. Егер USPS белгісі арқылы қайтаратын
болсаңыз, онда қорапты А.Қ.Ш. Пошта Қызметінің тасымалдаушысына беріңіз немесе А.Қ.Ш.
Пошта Қызметінің Офисінде қалдырыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін немесе көптік
қайтарылымдарға қосымша жапсырмалар мен қораптарға тапсырыс беру үшін
www.hp.com/
recycle торабына кіріңіз немесе 1-800-340-2445 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сұраныс бойынша
UPS алып кету қызметінің құны əдеттегі алып кету бағасы бойынша есептеледі. Ақпарат
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Аляска мен Гавайи тұрғындары үшін:
UPS жапсырмасын пайдаланбаңыз. Ақпарат жəне нұсқаулар алу үшін 1-800-340-2445 нөміріне
қоңырау шалыңыз. АҚШ пошта қызметі Аляска мен Гавайи үшін НР компаниясымен жаса
лған
келісім бойынша қайтарылған картриджді тасымалдау қызметіне ақы алмайды.
А.Қ.Ш. тыс қайтарылымдар
HP Ғаламдық Серіктестер қайтару мен қайта жарату бағдарламасына қатысу үшін қайта жарату
нұсқаулығында берілген жеңіл нұсқауларын (жаңа өнімнің қамсыздандыру материалдары
жіберілген қорабының ішінен табуыңызға болады) орындаңыз немесе
www.hp.com/recycle
торабына барыңыз. HP LaserJet баспа қамсыздандыру материалдарын қалай қайтаруды
түсіндіретін ақпарат қажет болса, өзіңіздің ел/аймағыңызды таңдаңыз.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы
құрылғы қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
KKWW
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
137