HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Windows жүйесіне қолданылатын принтер
драйверлері
Өнім Windows арналған жəне компьютерге принтермен байланысу мүмкіндігін беретін
бағдарламалық құралмен жеткізіледі. Осы бағдарламалық құрал принтер драйвері деп
аталады. Принтер драйверлері бейімделген өлшемді қағазға басып шығару, құжат өлшемін
өзгерту жəне су белгілерін қосу сияқты өнім мүмкіншіліктерін пайдалану мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРІМ: Ең соңғы драйверлерді www.hp.com/support/ljp1560series немесе www.hp.com/
support/ljp1600series сайтынан алуға болады.
HP Smart Install орындалған кезде немесе өнімнің ықшам дискісінен орнатылатын принтер
драйверлерінен басқа, вебтен мына принтер драйверлерін жүктеп алуға болады:
●
Windows жүйесіне арналған PCL 5 Əмбебап баспа драйвері (HP UPD PCL 5) (тек HP LaserJet
Professional P1600 принтер сериясы үшін)
●
XPS (XML қағаз сипаттары) драйвері
ЕСКЕРІМ: UPD туралы көбірек ақпарат алу үшін www.hp.com/go/upd қараңыз.
KKWW
Windows жүйесіне қолданылатын принтер драйверлері
11