HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Windows жүйесіне арналған дұрыс принтер
драйверін таңдаңыз
ЕСКЕРІМ: Тек HP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы HP Əмбебап баспа драйверін
қолдайды.
Мүмкіндігінше HP Smart Install орындалған кезде немесе өнімнің ықшам дискісінен орнатылатын
принтер драйверлерін пайдаланыңыз. UPD принтер драйвері қосылқы принтер драйвері болып
табылады.
HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD)
ЕСКЕРІМ: HP UPD драйверін пайдалану үшін, өнімнің HP Smart Install мүмкіндігін сөндіруіңіз
керек.
Windows арналған HP Əмбебап Принтер Драйвері (UPD) жалғыз драйвер болып табылады əрі
ол жекелеген драйверлерді жүктеместен кез келген жерден кез келген HP LaserJet өніміне
виртуалды кіру мүмкіндігін береді. Бұл дəлелденген HP принтер драйверінің технологиясына
негізделген жəне ол егжей-тегжейлі тестіленген жəне көптеген бағдарламалық құралдармен
қолданылады. Бұл өте күшті шешім əрі ол уақыт өткен сайын бі
р тек
ті орындалады.
HP UPD əрбір НР өнімімен тікелей байланыстырады, конфигурация ақпаратын жинайды жəне
содан кейін өнімнің ерекшелігін, қолдағы мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушының
интерфейсін сəйкестендіреді. Екі жақты басу жəне степлерлеу сияқты өнімдер үшін
мүмкіндіктерді автоматты түрде енгізеді, сондықтан Сізге оларды қолмен енгізуге тура келмейді.
Көбірек ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/upd бетіне өтіңіз.
12 Бап 2 Windows жүйесіне арналған бағдарламалық құралдар KKWW