HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Mac жүйесіне арналған бағдарламалық құралдар
Macintosh арналған қолдаулы операциялық жүйелер
Өнім Macintosh операциялық жүйелерінің келесілерін қолдайды:
●
Mac OS X v10.4, v10.5 жəне v10.6
ЕСКЕРІМ: PPC жəне Intel® Core™ процессорлары қолданылады.
Macintosh жүйесіне арналған қолдаулы принтер драйверлері
HP LaserJet орнату бағдарламасы PostScript® Printer Description (PPD) файлдарымен, CUPS
драйверімен жəне Mac OS X нұсқасына арналған НР принтер утилиталарымен қамтамасыз
етеді. HP принтерінің PPD файлы CUPS драйверімен бірге толық басып шығару
функцияларымен қамтамасыз етіп, арнайы HP принтер мүмкіндіктеріне қатынатады.
Mac жүйесіне арналған бағдарламаны жою
Бағдарламаны жою үшін жою утилитасын пайдаланыңыз.
1.
Келесі қалтаны шолыңыз:
Library/Printers/hp/laserjet/P1100_P1560_P1600Series/
2. HP Uninstaller.app файлын екі рет басыңыз.
3.
Жалғастыру түймесін басып, бағдарламаны жою үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Mac жүйесіне арналған басып шығару параметрлерінің басымдығы
Баспа баптауларындағы өзгертулер өздеріне жасалағанына қарай басымды болады:
ЕСКЕРІМ: Командалар мен диалог терезелерінің атаулары бағдарламалық құралыңызға
тəуелді түрде өзгешеленуі мүмкін.
● Бет Орнатпасы диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін Page Setup (Бет
Орнатпалары) немесе баламалы командасын өзіңіз жұмыс істеп отырған
бағдарламаңыздың File (Файл) мəзірінен таңдаңыз. Осы жерде өзгертілген баптаулар кез
келген өзге жердегі баптаулардың орнын басады.
●
Баспа диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін Print (Басып шығару), Print
Setup (Ба
спа Орнатпалары) немесе баламалы командасын өзіңіз жұмыс істеп отырған
бағдарламаңыздың File (Файл) мəзірінен таңдаңыз. Print (Басып шығару) диалог
терезесінде өзгертілген баптаулар басымдылығы төмен болып табылады жəне
өзгертулердің орнын баспайды Page Setup (Бет орнатпалары) диалог терезесіндегі.
●
Принтер драйверінің əдепкі параметрлері: Параметрлер Бет параметрі немесе Басып
шығару диалогтық т
ере
зесінде өзгертілгенше, принтер драйверінің əдепкі параметрлері
барлық басып шығару тапсырмаларында пайдаланылатын параметрлерді анықтайды.
18 Бап 3 Өнімді Mac жүйесімен пайдалану KKWW