HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

USB арқылы қосылу
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. Сізге 2 метрден (6,56 фут) аспайтын A-B үлгісіндегі USB
кабелін пайдалану керек.
Өнімді HP Smart Install бағдарламалық құралымен орнату
ЕСКЕРІМ: Бұл орнату түрі тек Windows жүйесінде қолданылады.
HP Smart Install бағдарламасы USB кабелімен өнімді компьютерге жалғау арқылы өнімнің
драйвері мен бағдарламалық құралдарын орнатуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Орнату дискісі HP Smart Install орнатуы кезінде қажет емес. Бағдарламалық
құралдарды орнату дискісін компьютердің диск жетегіне салмаңыз.
1.
Өнімді қосыңыз.
2.
USB кабелін жалғаңыз.
3.
HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылуы тиіс. Бағдарламалық
құралдарды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, AutoPlay
мүмкіндігі компьютерде өшірілген болуы мүмкін. Компьютерді шолып, бағдарламаны
іске қосу үшін HP Smart Install дискісін екі рет басыңыз.
Бағдарлама ба
йл
аныс түрінің таңдалуын сұраса, USB арқылы басып шығаруды
реттеу опциясын таңдаңыз.
Ықшам дискіден орнату
1.
Бағдарламалық құралды орнату дискісін компьютердің диск жетегіне салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кеңес берілмейінше, USB кабелін жалғамаңыз
2.
Егер орнату бағдарламасы автоматты түрде ашылмаса, ықшам дискінің мазмұнын көріп,
SETUP.EXE файлын іске қосыңыз.
3.
Бағдарламалық құралдарды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құралды орнатуға ықшам диск пайдаланылғанда, мына орнату түрлерін
таңдауға болады:
Оңай орнату (ұсынылады)
Əдепкі мəндерді қабылдауға немесе өзгертуге нұсқау берілмейді.
Кеңейтілген орнату
Əдепкі мəндерді қабылдауға немесе өзг
ерт
уге нұсқау беріледі.
KKWW
USB арқылы қосылу
27