HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Желіге қосылу
HP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы желіге HP ішкі желі порты арқылы қосыла алады.
Қолданылатын желілік протоколдар
Желімен жабдықталған өнімді желіге қосу үшін төмендегі протоколды пайдаланатын желі қажет.
Қызметтік сымды TCP/IP желісі
Өнімді сымды желіде орнату
ЕСКЕРІМ: Желі байланысына қатысты мəселені шешу үшін Қосылу ақаулықтарын
түзету 109-бетте бөлімін қараңыз.
Өнімді желіге HP Smart Install арқылы немесе ықшам дискіден орнатуыңызға болады. Орнатуды
бастамастан бұрын келесіні орындаңыз:
CAT-5 Ethernet кабелін Ethernet хабындағы немесе маршрутизатордағы портқа жалғаңыз.
Ethernet кабелін өнімнің артқы жағындағы Ethernet портына жалғаңыз.
Өнімнің артқы жағында орналасқан желі портында желі шамдарының біреуінің жанғанын
тексеріңіз.
Сымды желідегі HP Smart Install
ЕСКЕРІМ: Бұл орнату түрі тек Windows жүйесінде қолданылады.
1.
Реттеу бетін басып шығарып, TCP/IP мекенжайын тауып алыңыз.
Ақпараттық беттерді
басып шығару 56-бетте бөлімін қараңыз.
2.
Өнімді орнатқыңыз келген компьютерден веб-шолғышты ашыңыз.
28 Бап 4 Өнімді жалғау KKWW