HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
3.
Шолғыштың мекенжай жолағына өнімнің IP мекенжайын теріңіз.
4. HP Smart Install жиекбелгісін басыңыз.
5.
Жүктеу түймесін басыңыз.
6.
Өнімді орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сымды желіде ықшам дискіден орнату
ЕСКЕРІМ: Бағдарламалық құралды орнату үшін ықшам дискіні қолданған кезде Оңай орнату
(ұсынылады) немесе Кеңейтілген орнату түрін (əдепкі мəндерді қабылдауға немесе өзгертуге
нұсқау беріледі) таңдауыңызға болады.
1.
Бағдарламалық құралды орнату дискісін компьютердің диск жетегіне салыңыз.
2.
Егер орнату бағдарламасы автоматты түрде ашылмаса, ықшам дискінің мазмұнын көріп,
SETUP.EXE файлын іске қосыңыз.
3.
Өнімді реттеп, бағдарламалық құралды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сұралған кезде, Желі арқылы басып шығаруды реттеу таңдалғанына көз
жеткізіңіз.
Желі параметрлерін реттеу
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Енгізілген веб-серверін IP конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін
пайдаланыңыз.
1.
Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
● Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол
келесідей қалыпта болады:
xxx.xxx.xxx.xxx
● Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP мекенжайы таңбалар мен сандардың
оналтылық тіркестерінен тұрады. Оның фо
рматы мы
наған ұқсас:
xxxx::xxxx:xxxx:xxxx:xxxx
2.
Өнімнің IP мекенжайын веб-браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді
ашыңыз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз.
Сіз параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
KKWW
Желіге қосылу
29