HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Желілік кілтсөзді орнату немесе өзгерту
Желілік кілтсөзді орнату үшін немесе бар кілтсөзді өзгерту үшін енгізілген Веб-серверін
пайдаланыңыз.
1.
Енгізілген веб-серверді ашыңыз, Желіге қосылу қойындысын нұқып, Кілтсөз сілтемесін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады.
Кілтсөзді енгізіп, Қолдану батырмасын басыңыз.
2.
Кілтсөз жəне Кілтсөзді растау жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз.
3.
Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану батырмасын басыңыз.
IP адресі
Өнімнің IP мекенжайын қолмен орнатуға болады немесе оны DHCP, BootP немесе AutoIP арқылы
автоматты түрде реттеуге болады.
IP мекенжайын қолмен өзгерту үшін HP енгізілген веб-серверіндегі Желіге қосылу жиекбелгісін
пайдаланыңыз.
Байланыс жылдамдықтары жəне дуплекстеу параметрлері
ЕСКЕРІМ: Бұл бөлімде дуплекстеу екі жағына басып шығару емес, екі бағыттағы байланысты
білдіреді.
Қажет болса, байланыс жылдамдығын орнату үшін НР енгізілген веб-серверіндегі Желіге
қосылу жиекбелгісін пайдаланыңыз.
Байланыс жылдамдығының параметріне дұрыс енгізілмеген өзгерістер өнімнің басқа желідегі
құрылғылармен байланысуына жол бермеуі мүмкін. Көп жағдайлар үшін өнімді автоматты
режимде қалдырыңыз. Өзгерістер өнімнің өшіп, қайтадан қосылуына себеп болуы мүмкін.
Өзгерістерді өнім бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
30 Бап 4 Өнімді жа
лғау KKWW