HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды
пайдалану туралы
Бұл өнім түрлі қағаз жəне басқа да баспа құралын осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай қолдайды. Осы нұсқауларға сай келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі
нашар баспа сапасын, кептелістердің көптігін жəне оның уақытынан бұрын істен шығуын
тудырады.
Ең жоғары нəтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды жəне лазерлі
принтерлерге арналған нем
е
се əмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз. Ағынша
принтерлері үшін жасалған қағазды немесе баспа құралдарын пайдаланбаңыз. Hewlett-Packard
компаниясы басқа сауда белгілерімен шыққан баспа құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныс
жасай алмайды, себебі НР олардың сапасын бақылай алмайды.
Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару са
пасының қа
нағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану басып
шығарғыштың зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі таралмайды.
32 Бап 5 Қағаз жəне баспа медиасы KKWW