HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Науаларға қағаз салу
ЕСКЕРТУ: Егер мыжылған, бүктелген немесе қандай да бір жолмен бүлінген баспа құралына
басып шығармақ болсаңыз, олар кептеліп қалуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
Кептелістерді тазалау 89-бетте бөлімін қараңыз.
Бірінші кезекті кіріс ұясы
Бірінші кезекті кіріс ұясына он параққа дейін баспа құралы немесе бір хатқалта, бір мөлдір қағаз
немесе жапсырмалардың немесе қатты қағаздың бір парағы салынады. Баспа құралының
жоғарғы жағын алға жəне басылып шығатын бетін жоғары қаратып салыңыз. Кептелуге жəне
мыжылуға жол бермеу үшін əрдайым баспа құралын салмас бұрын бүйір реттеуіштерді
дұрыстаңыз.
Негізгі кіріс науасы
Негізгі кіріс науасына 250 парақ 75 г/м
2
қағаз немесе тығыз баспа құралдарының аз парағы
(25 мм қағаз дестесінің биіктігі немесе одан аз) сыяды.
Баспа құралын жоғарғы жағын алдыға жəне басылатын бетін жоғары қаратып салыңыз.
Кептелу мен қиғаш кетуді болдырмау үшін бүйірлік жəне алдыңғы баспа құралдарының
бағыттаушыларын əрқашан реттеп отырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа баспа құралын қосқанда, баспа құралының барлығын кіріс науасынан
шығарып, барлық қағаз дестесін дұрысталғанына көз жеткізіңіз. Бұл баспа құралының бірнеше
парағының өнімге бір уақытта берілуіне жол бермей, баспа құралының кептелуін азайтады.
Науаларды толтыру барысындағы қағаз бағдары
Лазерлі принтерлерге арналған баспа құралын ғана пайдаланыңыз. Қолданылатын қағаз
өлшемдері 36-бетте бөлімін қараңыз.
Егер арнайы бағдарды қажет ететін қағазды пайдалансаңыз, оны келесі кестедегі ақпаратқа
сəйкес салыңыз.
Қағаз түрі Қағаз салу тəсілі
Алдын ала басып шығарылған
қағаз не бланк
Бетін жоғары қаратып
Жоғарғы жиегін өнімге бірінші кіргізіп
Алдын ала тесілген
Бетін жоғары қаратып
Тесіктерді өнімнің сол жағына қаратып
Хатқалта
Бетін жоғары қаратып
Сол жақ қысқа жиегін өнімге бірінші кіргізіп
40 Бап 5 Қағаз жəне баспа медиасы KKWW