HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

Баспа тапсырмасын тоқтату
Баспа сұрауын басқару тақтасы немесе бағдарламалық құрал арқылы тоқтатуға болады. Баспа
сұрауын желідегі компьютерден қалай тоқтатуға болатындығы жөніндегі нұсқауларды белгілі
бір желілік бағдарламалық құралдың желідегі анықтамасынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз тоқтатқан барлық баспа тапсырмаларын алып тастау үшін біраз уақыт қажет
етілуі мүмкін.
Ағымдағы баспа тапсырмасын басқару тақтасынан тоқтату
Басқару тақтасындағы бас тарту
түймесін басыңыз.
Ағымдағы баспа тапсырмасын бағдарламалық құралдан тоқтату
Баспа тапсырмасын жібергенде экранға қысқа мезетке баспа тапсырмасын тоқтату мүмкіндігін
беретін тілқатысу терезесі шығады.
Бағдарламалық құралдан өнімге бірнеше сұрау жіберілген болса, олар баспа кезегінде
(мысалы, Windows Print Manager (Windows баспаны басқарушы бағдарламасында) күтіп тұруы
мүмкін. Компьютердегі басып шығару тапсырмасынан бас тарту туралы арнайы нұсқауларды
бағдарламалық құралдың құжаттамасынан қараңыз.
Баспа тапсырмасы баспа кезегінде нем
есе баспа буферінде күтуде болатын болса,
тапсырманы осы жерден өшіріңіз.
1. Windows XP, Windows Server 2008 жəне Windows Server 2003 (əдепкі «Бастау»
мəзірі арқылы): Бастау түймесін басып, Принтерлер мен факстер тармағын таңдаңыз.
немесе
Windows XP, Windows Server 2008 жəне Windows Server 2003 (классикалық
«Бастау» мəзірі арқылы): Баст
ау түймесін басып, Принтер тармағын таңдаңыз.
немесе
Windows Vista жəне Windows 7: Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы, содан
кейін Аппараттық құрал жəне дыбыс санатынан Принтер тармағын таңдаңыз.
2.
Принтерлер тізімінде осы өнім атауын екі рет басып, баспа кезегін немесе буферін
ашыңыз.
3.
Бас тартқыңыз келген басып шығару тапсырмасын таңдап, та
псырманы ті
нтуірдің оң жақ
түймесімен басыңыз, содан кейін Бас тарту немесе Жою пəрменін таңдаңыз.
44 Бап 6 Баспа тапсырмалары KKWW