HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Windows жүйесімен басып шығару
Windows принтер драйверін ашу
1.
Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару командасын таңдаңыз.
2.
Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Басымдықтар түймесін басыңыз.
Windows жүйесімен басып шығару параметріне қатысты анықтама
алу
Принтер-драйвер Анықтамасы бағдарлама анықтамасынан бөлек болады. Принтер-драйвер
анықтамасында принтер драйверіндегі түймелердің, белгі қойылатын ұяшықтардың жəне
жайылып түсетін тізімдердің түсіндірмелері беріледі. Сонда-ақ, оның ішіне парақтың екі жағына
басып шығару, бір параққа бірнеше бет басып шығару жəне бірінші бетті не мұқабаны басқа бір
қағаз түріне басып шығару сияқты жалпы баспа та
псырмалары бо
йынша нұсқаулар кіреді.
Принтер-драйвер Анықтамасының терезелерін келесі жолдардың бірі арқылы іске қосыңыз:
● Принтер драйверінің Properties (Қасиеттер) диалогтық терезесіндегі Help (Анықтама)
түймесін басыңыз.
● Компьютер пернетақтасындағы F1 түймесін басыңыз.
●
Принтер драйверінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы сұрақ белгісін басыңыз.
●
Драйвердегі кез келген элементті тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
Windows жүйесімен баспа көшірмелерінің санын өзгерту
1.
Принтер драйверін ашып, Қасиеттер немесе Басымдықтар түймесін басыңыз, содан
кейін Кеңейтілген жиекбелгісін таңдаңыз.
2.
Көшірмелер аумағында көшірмелер санын реттеу үшін тілшелі түймелерді пайдаланыңыз.
Егер сіз бірнеше көшірмені басып шығаратын болсаңыз, көшірмелерді салыстыру үшін
Салыстыру құсбелгі көзін белгілеңіз.
3. OK түймесін басыңыз.
Windows жүйесімен түрлі түсті мəтінді қара етіп басып шығару
1.
Принтер драйверін ашып, Қасиеттер немесе Басымдықтар түймесін басыңыз, содан
кейін Кеңейтілген жиекбелгісін таңдаңыз.
2.
Барлық мəтінді қара етіп басып шығару құсбелгі көзін белгілеңіз.
3. OK түймесін басыңыз.
KKWW
Windows жүйесімен басып шығару
45