HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
3.
Баспа бетінің жиектері, Бет реті жəне Бағыт үшін тиісті опцияларды таңдаңыз.
4. OK түймесін басыңыз.
Беттің бағытын Windows жүйесімен таңдау
1.
Принтер драйверін ашып, Қасиеттер немесе Басымдықтар түймесін басыңыз, содан
кейін Аяқтау жиекбелгісін таңдаңыз.
2.
Бағыт аумағынан Кітаптық немесе Альбомдық опциясын таңдаңыз.
Беттегі суреттің жоғарғы жағын төмен қаратып басып шығару үшін 180 градусқа бұру
опциясын таңдаңыз.
3. OK түймесін басыңыз.
HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint — қолдауы бар HP өнімдерінен құжаттардың төмендегі түрлерін басып шығаруға
мүмкіндік беретін веб негізіндегі басып шығару қызметтерінің жинағы болып табылады. Бұл
құжаттар:
●
HP өнімінің электрондық пошта мекенжайына тікелей жіберілетін электрондық пошта
хабарлары мен қосымшалар;
●
таңдаулы ұялы құрылғылардың басып шығару қолданбаларынан жіберілетін құжаттар.
HP Cloud Print технологиясын пайдалану
HP Cloud Print технологиясын пайдаланып электрондық пошта хабарлары мен қосымшаларды
кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан тікелей өнімнің электрондық пошта
мекенжайына жіберу арқылы басып шығаруға болады.
ЕСКЕРІМ: Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосулы болуы керек. HP Cloud Print
технологиясын пайдалану мүмкін болуы үшін, алдымен Интернетке қосылып, HP веб
қызметтерін қосу керек.
1.
Қосымша конфигурация опциялары үшін, төмендегі қадамдарды орындап HP ішкі веб-
серверден (EWS) HP веб қызметтерін қосыңыз. Бұл қадамдар:
а.
Өнімді желіге қосқаннан кейін, конфигурация бетін басып шығарып, өнімнің IP
мекенжайын анықтаңыз.
ə.
Компьютерден веб-браузерді ашып, мекенжай жолағына IP мекенжайын теріңіз. «HP
EWS» экраны көрсетіледі.
б.
HP веб қызметтері қо
сымша бетін ашыңыз. Егер желі Интернетке қосылу үшін
прокси-серверді пайдаланбайтын болса, келесі қадамға өтіңіз. Егер желі Интернетке
KKWW
Windows жүйесімен басып шығару
51