HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
қосылу үшін прокси-серверді пайдаланатын болса, келесі қадамның алдында
төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
i.
Прокси серверінің параметрлері қосымша бетін ашыңыз.
ii. Интернетке қосылу үшін желі прокси серверді пайдаланатын болса, осы
ұяшыққа құсбелгіні қойыңыз ұяшығына құсбелгі қойыңыз.
iii.
Прокси сервері жолына прокси сервердің мекенжайын жəне порттың нөмірін
енгізіп, Қолдану түймешігін басыңыз.
в.
HP ве
б қы
зметтері қосымша бетін ашып, Қосу түймешігін басыңыз. Өнім Интернет
байланысының параметрлерін реттейді, осыдан кейін ақпарат парағының басылып
шығарылатынын көрсететін хабар шығады.
г.
OK түймешігін басыңыз. ePrint парағы басып шығарылады. ePrint парағынан өнімге
автоматты түрде тағайындалатын электрондық пошта мекенжайын табыңыз.
2.
Құжатты басып шығару үшін, оны электрондық пошта хабарына қосып, ха
барды өнімнің
электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз. Қолдау көрсетілетін құжат түрлерінің тізімін
www.hpeprintcenter.com веб-торабынан көруге болады
3.
Қалау бойынша, HP ePrintCenter веб-торабын пайдаланып қауіпсіздік параметрлерін
анықтаңыз жəне,осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін əдепкі
параметрлерді реттеңіз.
а.
Веб-браузерді ашып,
www.hpeprintcenter.com веб-торабына өтіңіз.
ə.
Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мəліметтерін енгізіңіз
немесе жаңа есептік жазба жасаңыз.
б.
Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны
қосыңыз. Өнімді қосу үшін, оның коды қажет болады. Код — өнімнің электрондық
пошта мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігін құрайды.
ЕСКЕРІМ: Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде
жарамды болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін
қайтадан қосу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
в.
Орнату түймешігін басыңыз. HP ePrint параметрлері тілқатысу терезесі ашылады.
Оның ішінде үш қосымша бет бар:
● Рұқсат етілген жіберушілер. Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы
үшін, Рұқсат етілген жіберушілер қосымша бетін басыңыз. Тек рұқсат етілген
жіберушілер түймешігін басып, ePrint басып шығару тапсырмаларын жіберуге
болатын электронды пошта мекенжайларын қосыңыз.
● Басып шығару опциялары. Ос
ы өнімге жіберілген барлық HP ePrint
тапсырмалары үшін əдепкі параметрлерді орнату үшін, Басып шығару
опциялары қосымша бетін ашып, пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
●
Күрделі. Өнімнің электрондық пошта мекенжайын өзгерту үшін, Күрделі
қосымша бетін басыңыз.
52 Бап 6 Баспа тапсырмалары KKWW