HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

HP енгізілген веб-серверін пайдалану
ЕСКЕРІМ: Енгізілген веб-серверін тек HP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы
қолдайды.
Өнім мен желілік күйді көру жəне басып шығару функцияларын компьютерден басқару үшін
HP енгізілген веб-серверін (EWS) пайдаланыңыз.
Өнім күйінің ақпаратын көру
Барлық материалдардың қалған қызмет ету мерзімін анықтау жəне жаңаларына тапсырыс
беру
Өнімнің əдепкі конфигурациялау параметрлерін көру жəне өзгерту
Желінің конфигурациясын көру жəне өзгерту
Компьютерге қандай да бір бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Те
к қо
лдау көрсетілетін мына
веб-браузерлерін пайдалану қажет болады:
Microsoft Internet Explorer 6.0 (жəне кейінгісі)
Firefox 1.0 (жəне кейінгі нұсқалары)
Mozilla 1.6 (жəне кейінгі нұсқалары)
Opera 7.0 (жəне кейінгі нұсқалары)
Safari 1.2 (жəне кейінгі нұсқалары)
Konqueror 3.2 (жəне кейінгі нұсқалары)
Енгізілген веб-сервері өнім TCP/IP не
гізіндегі же
ліге қосылған кезде істейді. HP енгізілген веб-
сервері IPX негізіндегі байланыстарды немесе тікелей USB байланыстарын қолдамайды.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген веб-серверді пайдалануға интернет байланысы қажет емес. Дегенмен,
кез келген бір беттегі сілтемені бассаңыз, сілтемені ашу үшін интернетке байланыс болу керек.
Енгізілген веб-серверді ашу
HP енгізілген веб-серверін ашу үшін қолданылатын веб-шолғыштың мекенжай жолына IP
мекенжайын немесе өнімнің хост атауын теріңіз. IP мекенжайын табу үшін дайын шамы өту
қосылып, басқа ешқандай тапсырмалар басылып шықпағанда,
түймесін басып тұру арқылы
конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Дайын шамы жыпылықтай бастағанда өту
түймесін босатыңыз. Конфигурациялау беті басып шығарылады.
ЕСКЕРІМ: HP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы IPv4 жəне IPv6 протоколын
қолдайды. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/ljp2030series торабына кіріңіз.
КЕҢЕС: URL (Universal Resource Locator - əмбепап ресурс орны) ашылғаннан кейін оған
келешекте оңай қайта оралу үшін оның бетбелгісін жасап қойсаңыз болады.
58 Бап 7 Басқару жəне күту KKWW