HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Үнемдеу параметрлері
Үнемдеу Режимі
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу
Режимі тонерді аздау пайдаланып, бір парақты басып шығару шығынын азайтады. Алайда,
Үнемдеу Режимі баспа сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы үнемдеу режимін үздіксіз пайдалануға кеңес бермейді. Егер үнемдеу режимі
үздіксіз пайдаланылса, тонерді қолдану уақыты баспа картриджінің механикалық
бөлшектерінікінен асып кетуі мү
мкін. Ег
ер баспа сапасы мұндай жағдайларда нашарлай
бастаса, картриджде тонер қалғанның өзінде жаңа баспа картриджін орнату керек болады.
Үнемдеу Режимін келесі жолдардың біреуімен қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады:
● Windows принтер сипаттарындағы Қағаз/Сапа жиекбелгісін ашып, Үнемдеу режимі
опциясын таңдаңыз.
● Енгізілген веб-серверде (текHP LaserJet Professional P1600 принтер сериясы) Параметрлер
жиекбелгісін ашып, PCL па
раметрлері опциясын таңдаңыз. Қосу немесе Өшіру опциясын
таңдау үшін Параметрлер ашылмалы тізімін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген веб-сервер арқылы үнемдеу режимін ажырату PCL 5 Əмбебап
принтер драйверін (вебтен жүктеп алынады) пайдаланатын баспа тапсырмаларына əсер
етеді.
Ықшам дискімен бірге берілетін принтер драйверін пайдаланатын баспа
тапсырмаларынан үнемдеу режимін алып тастау үшін принтертегі Үнемдеу режимі
таңдауы алынуы керек.
●
Macintosh жүйесіне арналған HP принтерінің утилитасында Баспа параметрлері тармағын
таңдап, Үнемдеу режимі& тонер тығыздығы түймесін басыңыз.
Auto-Off (автоматты өшіру) режимі
Auto-Off (автоматты өшіру) режимі бұл өнімнің электр қуатын үнемдейтін мүмкіндігі болып
табылады. Пайдаланушы көрсеткен уақыттан кейін өнім қуат тұтынылуын автоматты түрде
азайтады (Auto-Off (автоматты өшіру)). Түйме басылғанда немесе басып шығару тапсырмасы
алынғанда, өнім дайын күйіне оралады. Өнім Auto-Off (автоматты өшіру) режимінде тұрғанда,
басқару тақтасында жарық диодтарының барлығы мен қу
ат т
үймесінің жарық диодтары өшеді.
ЕСКЕРІМ: Өнімнің шамдары Auto-Off (автоматты өшіру) режимінде өшкенімен, өнім басып
шығару тапсырмасын алғанда бірқалыпты жұмыс істейді.
Сымсыз үлгілерде автоматты түрде қосу/өшу режимдері жоқ. Сымсыз үлгілерде 3,4 Вт қуат
тұтынатын күту күйі бар.
Auto-Off (автоматты өшіру) режимінің кідіріс уақытын өзгерту
Өнім Auto-Off (автоматты өшіру) режиміне кірмес бұрын, оның күту режимінде (Auto-Off кідірісі)
болатын уақыт өзгертуге болады.
KKWW
Үнемдеу параметрлері
61