HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
жіберу үшін қоса жіберілетін қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толығырақ ақпаратты əрбір
жаңа HP жабдығымен бірге жеткізілетін қайта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Ауыстыру жөніндегі нұсқаулар
Тонерді қайта үлестіру
Баспа картриджінде тонердің аз көлемі қалғанда, басып шығарылған бетте бұлыңғыр немесе
ақшыл аумақтар болуы мүмкін. Тонерді қайта тарату арқылы баспа сапасын уақытша
жақсартуға болады.
1.
Баспа картриджінің есігін ашып, баспа картриджін шығарып алыңыз.
2.
Тонерді қайта жаймалап шығу үшін баспа картриджін ақырындап алға-артқа шайқатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық
суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады.
KKWW
Жабдықтар мен керек-жарақтарды басқару
65