HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual

4.
Желімді білікті өнімге орнатпас бұрын, желімді білікті кептіріп алыңыз.
5.
Электр сымын өнімге қосыңыз.
Қағаз жолын тазалау
Егер басылған беттерде тонер нүктелері немесе дақтары болса, қағаз өтетін жолды тазалаңыз.
Тазалау барысында қағаз өтетін жолдағы шаң мен тонерді кетіру үшін мөлдір үлдір
пайдаланылады. Мөрлі немесе қалың кағаз пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жақсы нəтиже алу үшін, мөлдір парақты пайдаланыңыз. Егер мөлдір парақ
болмаса, тегіс беті бар баспа құралының түрін (60 - 163 г/м
2
) пайдаланыңыз.
1.
Өнімнің бос жəне оның жұмысқа дайын екендігін білдіретін шамның
жанып тұрғанын
тексеріңіз.
2.
Кіріс науасына баспа құралын салыңыз.
3.
Принтердің Сипаттар параметрін ашыңыз.
4.
Құрылғы параметрлері қойындысын басыңыз.
5.
Бетті тазалау үшін Бетті тазалау аумағында Бастау түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Тазалау үрдісі 2 минуттай уақыт алады. Тазалау үрдісі кезінде бетті тазалау
мерзімді түрде тоқтап тұрады. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, өнімді ажыратпаңыз. Өнімді
мұқият тазарту үшін, тазалау үрдісін бірнеше рет қайталауыңыз керек болуы мүмкін.
Картридждің айналасын тазалаңыз
Картридждің айналасын жиі тазалаудың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл тұсты тазалау басып
шығарылған парақтардың сапасын жақсартуы мүмкін.
KKWW
Өнімді тазалау
75