HP LaserJet Professional P1560 and P1600 Printer series - User manual
Жалпы ақаулықтарды түзету
Егер өнімнен дұрыс жауап келмесе, келесі тексеру тізімдегі қадамдарды орындаңыз. Егер өнім
сол қадамнан өтпесе, келесі ақаулықтарды түзету ұсыныстарын орындаңыз. Егер орындаған
қадам ақаулықты түзетсе, сіз тексеру тізімдегі қалған қадамдарды орындамай тоқтануыңызға
болады.
Ақаулықтарды түзетуге арналған тексеру тізімі
1.
Өнімнің дайын шамы
жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер ешқандай шам жанып тұрмаса,
келесі қадамдарды орындаңыз:
а.
Автоматты өшіру режимін ажырату үшін баспа картриджі есігін ашып, қайтадан
жабыңыз.
ə.
Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
б.
Электр қосқышы қосылып тұрғанын тексеріңіз.
в.
Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу
талаптары жөнінде өнімнің артқы жа
ғындағы бе
лгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын
қолданып, оның кернеу талаптары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қорек
розеткасына қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа
розеткаға қосып көріңіз.
г.
Баспа картриджінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
ғ.
Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2.
К
абельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған
жерлерін тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ə.
Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б.
Желілік байланысты тексеріңіз.
Желілік ақаулықтарды түзету 109-бетте қараңыз.
3.
Басқару тақтасындағы шамдардың жанғанын тексеріп алыңыз.
Басқару тақтасындағы
жарық үлгілері 84-бетте бөлімін қараңыз.
4.
Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
5.
Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
6.
Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын анықтаңыз. Бағдарламаны қарап, осы
өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз.
80 Бап 8 Мəселелерді шешу KKWW