HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, баспа картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте
тозуы мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, баспа картриджін
ауыстырған жөн.
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Печать тармағын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Свойства (Сипаттар) немесе Настройки (Параметрлер) түймешігін
басыңыз.
3. Бума
га/качество (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз.
4. EconoMode (EconoMode (Үнемдеу режимі)) параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.
Жабдықтарды сақтау жəне қайта өңдеу
Жабдықтарды қайта пайдалану
Шынайы HP баспа картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж
келген қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу
үшін ашылған қайтару белгісін пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін əр жаңа НР
жабдығымен жеткізілетін қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Басып шығару картриджін сақтау
Сіз басып шығару картриджін пайдалануға дайын болғанша оны орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін, оның жарық жерде
қалу ұзақтығы бірнеше минуттан аспауы тиіс.
HP -емес баспа картридждеріне қатысты HP саясаты
Hewlett-Packard Компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP -емес баспа картридждерін
пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP -емес баспа картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір зақымдану
HP кепілдік жəне қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
HP компаниясының жалған өніммен күрес веб-торабы
HP баспа картриджін орнатып, www.hp.com/go/anticounterfeit торабына кіріңіз. Басқару
тақтасындағы хабарлама картриджді HP компаниясы шығармағанын көрсетеді. HP компаниясы
картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі жəне мəселені шешу үшін шаралар
қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, картридж HP шығарған баспа картриджі болмауы мүмкін:
● Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
●
Баспа картриджін пайдаланғанда түрлі мəселер туындайды.
●
Картридж үйреншікті түрінен өз
геше (мыс
алы, қорап HP қорабынан өзгеше).
98
Бап 7 Баспа картридждері KKWW