HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Жабдықтарда пайда болған мəселелерді шешу
Баспа картридждерін тексеру
Төмендегі мəселелердің кез келгені болғанда əрбір баспа картриджін тексеріп, қажет болса
ауыстырыңыз:
● Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
● Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
●
Басып шығарған беттерде жолақтар бар.
ЕСКЕРІМ: Төмен сапалы баспа параметрін қолданғанда басылып шығатын қағаздар ашық
болып көрінуі мүмкін.
Басып шығары картриджін ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, шынайы HP баспа картриджінің
бөлік нөмірін табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз.
Баспа картриджінің түрі Мəселені шешу қадамдары
Қайта толтырылған немесе өңделген
баспа картриджі
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қайта өңделген HP емес
жабдықтарды пайдаланбауды ұсынады. Олар HP компаниясының өнімдері
болмағандықтан, HP компаниясы олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды
жəне сапасын бақылай алмайды. Егер қайта толтырылған немесе қайта
өңделген баспа картриджін пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз,
картриджді түпнұсқа HP картриджімен алмас
т
ырыңыз.
Шынайы HP баспа картриджі 1. Баспа картриджінің жарамдылығы аяқталғанда құрылғының басқару
тақтасында немесе Жабдықтар күйі бетінде Very Low («Өте төмен»)
күйі көрсетіледі. Егер басып шығару сапасы біржола нашарласа, баспа
картриджін ауыстырыңыз.
2. Есептер мəзірінен басып шығару сапасы бетін басып шығарыңыз.
Беттегі бір түсте жолақтар немесе дақтар болса, түрлі түсті картриджде
ақау болу
ы мүмкін. Бетте жазылғанды түсіну үшін, осы құжаттағы
нұсқауларды қараңыз. Қажет болса, баспа картриджін ауыстырыңыз.
3. Баспа картриджінде ақаулық бар екенін көзбен қарап шығыңыз.
Төмендегі нұсқауларды қараңыз. Қажет болса баспа картриджін
ауыстырыңыз.
4. Егер басып шығарған беттерде бірдей қашықтықта бірнеше рет
қайталанатын дақтар болса, тазалағыш бетті басып ш
ығарыңыз. Ег
ер
бұл мəселені шешпесе, мəселенің себебін анықтау үшін осы құжаттағы
қайталанатын ақаулықтар сызғышын пайдаланыңыз.
104
Бап 7 Баспа картридждері KKWW